ДИКТОР: Соңғы бірер жылда облыс аумағында кәмелетке жасы толмаған өрендердің арасында жасалатын қылмыс саны төмендеген. 2022 жылы сот қылмыстық 50 істі қараса, былтыр 31 істің ақ қарасын анықтаған. Биылғы 3 айда 13 іс түсіп, 8 іс бойынша 10 тұлғаға үкім шыққан.

РКС: Облыстық кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылы әкімшілік 81 іс қараса, былтыр 94 істі саралаған. Бұл істердің 82 процентінде кәмелетке толмағандардың мүдделерін бұзумен байланысты. Биылғы жылы аталған сот 16 істі қараған.

СНХ: ДАРИҒА ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Сот қарауына келетін істер саны жыл сайын азайып жатыр. Оның ішініде кәмелет жасына толмағандар жасаған істер саны азайып келеді. егер 2022 жылы ақмола облысында кәмелет жасына толмағанардың ісері жөніндегі маманданжырылған сотының қарауында болған істер жөқнінде айтатын болсақ 50 істің 16-сы кәмелет жасына толмағандармен жасалған істер. 2023 жылы бұл істердің саны 8-ге тең болған. Бүгінгі күні бұл 3 істі құрап отыр.

РСК: Облыстық кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрайымының айтуынша істердің азаюына тараптардың бір ымыраға келуі де ықпал етуде.

СНХ: ДАРИҒА ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Соңғы 10 жыл көлемінде іске асып жатқан медиация ұғымы қоғам, әлеумет толық қабылдады деп ойлаймын. Бұл біздің қоғамда тек қана әлеуметтік емес, сананың да жоғарылауын көрсетіп отыр. Әлеуметтік жағынан өзінің жасаған ісіне баға беру, жәбірленушіге келтірілген залалды қалпына келтіру өзінше бір теңдікті орнатуға септігін тигізеді.

РКС: Жасы кәмелетке жасы толмағандардың арасында жасалатын қылмыс санының азаюына білім басқармасы, құқық қорғау қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі, ең бастысы отбасындағы берілген тәлім тәрбиенің жемісі дейді облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрайымы.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.