ДИКТОР: Облыс аумағында жыл басынан бері вандализмнің бір дерегі тіркелген. Былтыр облыста мұндай факті болған жоқ. Айта кету керек, мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана жою, қиратып бүлдіру, тонау заңмен жазаланады.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тағы бір кесел, бұл – вандализм. Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. Бурабайдағы Жұмбақтасты, Баянауылдағы Кемпіртасты қараңыздар. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қиратудың қандай қисыны бар?! Мұның бәрі – барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек. Дүние жүзінде, нақты айтқанда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Сингапурда жағымды мысалдар көп, осы елдер көпке үлгі болып отыр. Ал біз неге олардан кем болуымыз керек?
РКС: Облыс орталығының тұрғындары вандализм қазақ қоғамының мәдениетіне кері әсерін тигізеді. Және мұндай әрекеттер жазасыз қалмау қажет,-деп есептейді.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296 бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген, 50-ден 100 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау шаралары қарастырылған.
РКС: Қоғамдық қауіпсіздікті және мүлікті сақтауды қамтамасыз ету аясында билік пен қоғамдық ұйымдар вандализм проблемасымен күресу үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Бұл мәселені тиімді шешу заңнамалық шараларды, қоғамдық қолдауды және қоғамның әртүрлі құрылымдарының ынтымақтастығын қоса алғанда, кешенді көзқарасты қажет етеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ