ДИКТОР: Облыс аудандарында тасқын судың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте Аршалы ауданының аумағынан 13 мың текше метрден астам су сорылды. Ал, Жібек Жолы ауылында түнгі уақытта су деңгейін қадағалап отыру үшін мобильдік бекеттер құрылған. Целиноград ауданында құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

РКС: Жібек жолы ауылында су басу қаупі жоғары 3 шағын аудан бар. 15 үй су астында қалуы мүмкін. Ол жерлерде 120-ға жуық адам мен 35 техника жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінің жағасындағы бөгетті нығайту мақсатында құм салынған 800 қап төселген.

СНХ: ЕРЖАН ЖОЛЫМБЕТОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы күні су деңгейінің төмендегені байқалады. Аршалы ауданының әкімдігі наурыздың 20-нан бері қажетті шараларды қолданып жатыр. Жағдай бақылауымызда.

РКС: Бұл ауданның Аршалы, Жібек жолы, Жалтыркөл, Елтоқ және Константиновка ауылдары су басу қаупі жоғары аймақ деп танылған. Целиноград ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде. 55 техника, 70-тен астам мотопомпа дайын. Аудан аумағынан 4 мың текше метр қар шығарылған.

СНХ: ТАЛАПТАН ДАУЫЛТАЕВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қараөткел ауылы бойынша 125 мың текше метр қар шығарылды. Полигонға. Облыс бойынша 17 әскер келді. 10 мотопомпа алып келіп қойдық. Кеше Астана қаласынан келді мчсниктер. Үйдің ішіне су кеткен жағдай жоқ. Аулалардың ішіне су толып жатыр. тек қана соларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС: Ауылдардан еріген суды сорғыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Аудан әкімшілігі еріген судан келер қауіп шамалы,-дейді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ