ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында су тасқынын алдын алу шаралары жалғасуда. Бұған дейін мұнда 3 жер үй мен 2 шағын үй су астында қалған. Олардың суы толығымен арнайы құрылғымен сорылды. Жалпы ауылдағы 100-ге жуық ауланы су басты. Көшелердің кей жерінде судың тізеге дейін жететінін көруге болады. Құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері табиғи апат салдарын жою мақсатында тәулік бойы жұмыс істеуде.
РКС: Елордаға жақын орналасқан Қоянды ауылында 108 көше мен 6 мыңға жуық аула бар. Уақытылы шығарылмаған қар күннің күрт жылынуымен еріп, осындай жағдайға әкелді. Салдарынан ауылдың кей үйлеріне су кірген. Қар шығаруға бөлінген 50 миллион теңгеден астам қаражат жеткіліксіз болды,-дейді әкімшілік.
СНХ: СЕРІК ОСПАНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Штаб ұйымдастырылды. Барлық өтініштерді қабылдаймыз. Арнайы құрылғымен суды сорып алу жұмыстарына шамамен 40-қа жуық техникаға 80-ге жуық өтініш түсті. Қоянды ауылдық округінің әкімдігіне қар шығару және аумақтарды тазалау жұмыстарына 50 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бірақ біздің күз дымқыл болған соң, жер суды сіңірмей, жазық даланың суы ауылдың ішімен өткен.
РКС: Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Тәулік бойы кезекшілік орнатылды. Қарағанды облысынан қосымша күштер тартылды. Құтқарушы мамандар жағдай тұрақты-деп сендірді.
СНХ: СӘБИТ КЕНЖЕБЕК, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ БАСТЫҒЫ: Бізде қазір 4 аудан бойынша су срғыш жұмыстары жасалып жатыр. Осында 21 техника жұмыс жасауда. 33 мотопомпа, 21 техниканың ішінде 9 су сорғыш техника және бізде жеке құрам 92 адам осында жұмыс істейді.
РКС: Қазіргі уақытта аудан бойынша 96 мың текше метрден астам су сорылды. 3 мың текше метрден астам қар шығарылды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.