ДИКТОР: Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті ақмолалық 35 жасты Отан алдындағы міндетті әскери борышын өтеуге жіберді. Бұл жастар Алматы облысы, Қонаев қаласындағы гвардиялық десанттық шабуылдау бригадасына қабылданған. Салтанатты әскерге шығарып салу рәсіміне болашақ сарбаздардың ата-аналары, туысқандары мен достары жиналған.

РКС: Мақсат Байзақов Ерейментау ауданы, Тайбай ауылының тұрғыны. Ол Астанадағы ұлттық өнер колледжін тәмамдаған. Отан алдындағы борышын жақсы өтесе жоғарғы оқу орнында тегін оқуға мүмкіндігі бар екенін біледі. Және көптеген жастың ішінен гвардиялық десанттық шабуылдау бригадасына іріктеуден өткеніне риза.

СНХ: МАҚСАТ БАЙЗАҚОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Өз еркіммен бара жатырмын, іріктеу осы военкоматтың ішінде болды. Қапшағайдан представитель келіп, делоларды қарап, балаларды іріктеп алды. Келгеннен кейін жоғары оқу орнына түсемін міндетті түрде. Үздік солдаттарға сертификаттар берілетінін де білеміз, және емтихансыз, ЕНТ-сыз оқуға түсуге мүмкіндіктер берілетінін де білеміз.

СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Олар өздерінің қызметтерін 1 жыл мерзімде атқарып, тура осы күні елге оралуы керек. жергілікті атқару органдары оларды тамақпен қамтамасыз ету, жататын орны бар дәрігерлік комиссиядан өткізді. Әскери комиссия зерттеу жұмыстарын жүргізіп балаларды таңдап, сапқа тұрғызды.

РКС: Бұл жолы іріктелген 35 жастың ішінде 2 жұп егіз бар. Бұл жиі кездесе бермейтін ерекше жағдай,- дейді іріктеу комиссиясының отырысына қатысушы Айнұр Жахина.

СНХ: АЙНҰР ЖАХИНА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұған дейін де іріктеу комиссиясында бірнеше рет отырдым. Бүгінгі комисияда да болдым. Бүгінгі іріктеудің ерекшелігі Егіндікөл ауданынан және Көкшетау қаласынан егіз балалар десанттық шабуылдық әскери бөліміне әскери борышын өтеуге аттанып бара жатыр. Болашақ сарбаздарымызға ақ жол тілейміз.

РКС: Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент биылғы көктемде 1 мыңға жуық адамды әскер қатарына жіберуді көздеп отыр. Салтантты әскерге шығарып салу рәсіміне болашақ сарбаздардың ата-аналары, туысқандары мен достары жиналған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ