ДИКТОР: Облыста біршама білім ғимараттары мерзімінен кешіктіріліп жатыр. Солардың бірі Сандықтау ауданына қарасты Петровка ауылындағы 80 орындық мектеп. Сандықтау өңіріне жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов уақытылы аяқталмаған нысандарға қатысты сын айтты.

ИНТЕРШУМ: Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың мердігерге қатысты сыны.

- Сен анау дайын мектепті бітіре алмай жатсын. Мынаны бітіре алмай жатсын. Балаларға зардап, білімге зардап.

РКС: Қазіргі таңда Петровка ауылының 60-қа жуық оқушысы 180 жылдық тарихы бар ғимаратта білім алуға мәжбүр. Ал 10-11 сынып оқушылары Сандықтау ауданына барып оқиды. Себебі, жауапты мердігер уақытылы мектептің құрылысын аяқтамаған. Білім ошағының кірпіші 2021 жылы қаланды. Оған облыстық бюджеттен 766 миллион қаражат бөлінді. Мердігер аймақ басшысына білім алушылар жаңа оқу жылында жаңа ғимаратқа кіреді деп сөз берді. Алайда, бұл уәдеге облыс әкімі Марат Ахметжанов күдікпен қарады.

ИНТЕРШУМ:

- Нақты қашан бітіресін?

- Нақты август айында бітіремін.

- Мен уже сенбеймін сенің сөзіне!

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл мектепті "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысан. Бұдан әрі еш өозғалыс болмаса, әңгіме басқаша болады. Заң алдында жауап алынады!

РКС: 2020 жылы "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында Сандықтау аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өткен болатын. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде орналасқан ауруханаларға күрделі жөндеу қажет.

СНХ: ЖАНДОС МАХАНОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазіргі таңда бізде жобалық- сметалық құжаттама дайын тұр. Бүкілі экспертизадан өтті. Ауылдарда барлығы авариялық жағдайда тұр.

РКС: Қазіргі таңда Сандықтау аудандық ауруханасында стоматолог, акушер-гинеколог, кардиолог және учаскелік дәрігер сынды мамандар бойынша кадр тапшылығы бар. Сандықтау ауданындағы тағы бір мәселе тау-тау болып үйілген қар. Күрт ерісе Сандықтау ауданына қарасты бірнеше елдімекен су астында қалуы әбден мүмкін. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қажетті шараларды тез арада атқаруды талап етті. Сондай-ақ, волонтерлер мен тұрғындар кез келген уақытта төтенше жағдайға дайын болулары керек екенін аудан әкіміне қадап айтты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сақтық та қорлық жоқ дейді ғой. Сондықтан қарауымыз керек жан-жақты әрбір мәселені. Тілсіз жау дейді ғой су тасқыны. Көріп отырсыздар ғой Қосшы, орталықта не болып жатқанын. Сондықтан әрбір ситуацияға дайын болуымыз керек.

РКС: Аймақ басшысының назарына іліккен орындардың бірі, жыл он екі ай жұмыс істейтін «Жас дәурен» сауықтыру лагері. Осыдан 7 ай бұрын ашылған. Бүгінге дейін лагерьде өңірдің түкпір-түкпірінен 1500-ден астам бала демалып үлгерген.

СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, «ЖАС ДӘУРЕН» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ БАСШЫСЫ: Бізде мастерской бар, ағашпен жұмыс істейді олар. Қағазбен сурет салады. Өлең айтады. Спорттық шеберліктеріне, біріншіден ұлттық спортқы көңіл аударып жатырмыз. Республика бойынша біз Балдәуреннен кейін екінші тұрмыз деп айтуға болады. Ешқандай лагерьлерде жоқ кабинеттеріміз, каомпьютерлік класс, 10 мың кітабымыз бар. Балалар бос уақытта кітп оқиды, спортпен айналысады, шеберлікпен айналысады.

РКС: Келушілердің сауығып, демалыстарын тиімді өткізулері үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған. Лагерь қызметкрелерінің негізгі мақсаты - демалушылардың әр күнін пайдалы өткізулеріне жағдай жасап, олардың бойына патриоттық сезім ұялату.

СНХ: ОЛЬГА ЛУКЬЯНОВА, ДЕМАЛУШЫ: Бұл лагерьде демалыс өте қызықты өтіп жатыр. Бұл жерде көптеген қызықты нәрселер бар. Уақытымызды тиімді өткізіп жатырмыз. Тамақтары да өте дәмді.

РКС: Сандықтау ауданындағы жұмыс сапарын аяқтаған Марат Ахметжанов жауаптыларға әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша барлық жұмыстарды белсендірек жүргізуді міндеттеді. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға аймақ басшысы Алғыс хат табыс етті.

ИНТЕРШУМ: Алғыс хат табыстаудан фрагмент

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ