ДИКТОР: Табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы үйлерін су басқан жандарға қол ұшын созып отыр. Бір топ волонтер жанұяларға күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуде.
РКС: Жәрдем алған отбасылардың бірі - Ходиевтер жанұясы. Алтынсарин көшесіндегі 6-шы үйде бұрын соңды мұндай жағдай болған жоқ,- дейді. Нәзікжанды ватсап желісіне келген хабарламаны елемей, дәл осындай жағдайға жетеді деп ойламаған.
СНХ: СЕВАРА ХОДИЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Хабарлады чатта су тасқыны болады. Балаларды сыртқа шығармаңыздар деп. Бірақ осылай болады деп ойлаған жоқпын.Сағат 3-4 аралығында осындай су тасқыны болды. Өзім осындайда бірінші рет көріп отырмын. Олай қатты тасады деп ойлаған жоқпын. Себебі, су аз ғана болған еді. 1,5 сағаттың ішінде күрт көретіріп кетті. Бұл негізі сестрамның үйі. Біздің тұрып жатқанымызға 5-6 ай болды. Бейімделу орталығы бізге қазір барнша қолдау көрсетіп жатыр. 3 мезгіл тамағымызды беріп жатыр.
РКС: Баспанадан су кеткенше жанұя қалалық бейімдеу орталығын паналайды. Волонтерлер оларды тұрмысқа қажетті заттармен және киім-кешекпен қамтамасыз етуде. Айта кетейік, Ходиевтер отасынан бөлек мұнда тағы 50 шақты адам көмек алып жатыр.
СНХ: ӘЛИЯ ӘШІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кешеден бері орталыққа су астында қалған тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінде 51 адам қабылдадық. Олардың арасында балалар мен студенттер де бар. 15 отбасы келді. Қарт адамдар да бар. Оларға өз тарапымыздан көмек көрсетіп жатырмыз. Төсек орын, 3 мезгіл ыстыұқ тамақпен қамтамасыз еттік. Гигиеналық заттарды бердік, Сондай-ақ, орталықтың мамандары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
РКС: Айта кеткен жөн, топан су астында қалған тұрғындарға көмек көрсету үшін қалалық бейімдеу орталығында тағы 40 төсектік орын дайын тұр.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ