ДИКТОР: Наурыз мерекесі іс-шараға толы болды. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Болашақ сарайымен бірігіп «Жастар және сән» жобасын ұйымдастырды.
РКС: Мерекеге орай «Жастар киімі ұлттық нақышта» тақырыбында ұлттық киім фестивалі ең алдымен өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ояту мақсатында ұйымдастырылған. Қазақ киімдерінің заманауи үлгілері ұсынылды.
ИНТЕРШУМ: подиумдағы модельдер
РКС: Былтыр қолға алынған бастама биыл да жанды жалғасын тапты. Қолөнер шеберлері мен білікті дизайнерлер қиялынан туған дүниелерді көпшіліктің назарына ұсынды. Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашыл жастары да белсенділік танытты.
СНХ:БОСТАНГҮЛ ЕРМАНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгінгі шараға көңілім толып тұр, себебі былтырғы жылы ондай аз болған болатын. Енді, биылғы жылы сол қатарымыз көбейіп, олардың ой-өрісін кеңейтіп… Жастардың әрі қарай жаңа идеямен, жаңа креативтік идеялармен шығып отыр бүгін. Сол қуантады. Келесі жылы да, әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз.
РКС: Қазақша үлгідегі киім мен заманауи стильді ұштастыра білген дизайнерлер көрерменді таң қалдырды.
СНХ: ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұрын ата-бабаларымыз кішкентай қыздарға тақия кигізіп, жилеттерін жанағы… безрукавка дейміз ғой, жилеттерін кигізген оюлап, моншақпен кестелеп әдемілеп. Одан кейін ересек қыздарымыз, жас келіншектеріміз сәукелелерін киген. Бір сәукеленің құнына қаншама ата-бабаларымыз үйір-үйір жылқыларын беріп тіккізген ғой. Сондықтан өзіміздің ұлттық киімімізді көтеріп, өзіміз сыйламасақ кім сыйлайды? Сондықтан, жастарымыздың ұлттық киімді киіп жүргенін мен өз басым қолдаймын.
РКС: Жобаға атсалысқандарға Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен Болашақ сарайы басшылығының Алғыс хаттары табыс етілді.
ЖҰЛДЫЗ АМАНТАЙ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ