ДИКТОР: Көкшетауда заманауи сауда ойын-сауық кешені бой көтермек. Оның жалпы аумағы 15,7 мың шаршы метрді құрайды. Ол жерде "Kinopark" кинотеатры, "KFC" халықаралық фаст-фуд мейрамханалар желісінің филиалы және басқа да брендтер орналасады. Кешен жыл соңында қолданысқа беріледі деген жоспар бар.
РКС: Қаланың көркеюі үшін бірқатар сауда-саттық, ойын-сауық кешендері болғаны абзал. Қоғамдық-мәдени орындар көбейгенде ғана қалаға саяхаттап келушілер қатары артып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Себебі, ойын-сауық орталықтарына халық күйбең тіршіліктен бір сәт босап, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрады,-дейді ақмолалықтар.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚАЖЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Шайба базары бойынша өз пікірімді айтып кетейін. Қазір жиырма бірінші ғасыр жаңа сауда үйі керек. Арендаторлар "Жібек жолы" сауда үйі бар, "Армада" да бар бос, соларға барсын.
СНХ: ЗАКИРДИН ЖОРОБЕКОВ, "МАНАС" ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Көкшетау қаласы күннен-күнге дамып келеді. Естуімізге қарағанда Шайба базары орнына ғимараттардың құрылады. Кезінде де Керуен сарайы да, РИО-ға қосамыз дегенде кедергі жасаған кісілер де болды. Қазіргі заманға сай жақсы демалатын жері.
СНХ: НАТАЛЬЯ НАГАЧЕВСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛЯКТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда қаланы абаттандыру керек. Заман талабына сай, жастарға және отбасылық демалыс жағдайларын жасау қажет. Қазір "Шайба" базарының аумағынан жаңа ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұрыннан келе жатқан "Шайба" базарын бақылап жүремін. Ешқандай өзгеріс жоқ. Қазір бәрі дамыған ғасыр. Біздің атқарушы биліктің атсалысуымен қаламыздың гүлденуіне және барлық тұрғындардың демалысы үшін өте жақсы орын болуы үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын қалаймын.
РКС: Айта кетейік, жыл соңында Шайба базарының орнында бірнеше демалыс аймағы орналасқан үлкен кешен бой көтереді. Құрылысы сәтті аяқталған соң қалаға қонақтап келушілер саны да біршама артады деген болжам бар. Ол өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ