ДИКТОР: Былтыр оқу-ағарту Министрлігі кең ауқымды домбырашылар челленджі республикалық акциясын өткізу туралы бастама көтерді. Сөйтіп, өткен жылы алғаш рет білім беру ұйымдарының арасында Наурыз мерекесі қарсаңында бұл бастама жүзеге асты. Биыл да бұл акция ауқымдылығын жоғалтқан жоқ. «Күй күмбірі» домбырашылар челленджіне 1 миллионға жуық жас домбырашылар қатысты деген болжам бар. Ал осындай игі іске Ақмола облысы бойынша 40 мыңға жуық мектеп оқушысы мен мұғалім қатысты.
ИНТЕРШУМ: «Балбырауын» күйі
РКС: Облыс орталығында бір мезетте мектеп оқушылары Құрманғазының «Балбырауын» күйін осылайша нақышына келтіре орындап шықты. Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Күй күмбірі» республикалық челленджіне Мәлік Ғабдулин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері мен осы мектеп жанынан ашылған «Үкілі домбыра» үйірмесінің қатысушылары да атсалысты. Айта кетейік, еліміз бойынша ұлттық аспапты жанына серік еткен жас өнерпаздардың талабын шыңдайтын 1 мыңға жуық домбыра үйірмесі бар. Онда 100 мыңға жуық талантты домбырашы киелі домбыраның құлағында ойнауға машықтануда.
СНХ: ЖҰМАБЕК НҰРБАҚЫТ, ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУШЫ: Домбыраны 4-сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Осындай челлендждерге қатысып жүрмін. Өйткені осы челлендждер, конкурстар бізге өте маңызды. Және олар біздің қазақ екенімізді, салт-дәстүрлерімізді, тарихымызды көрсетеді.
СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында облысымызда ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өткім келеді. Біздің облысымызда 1200 баланы қамтитын 71 үйірме жұмыс істейді. Мектептерде бұлардың бәрі сабақтан тыс уақытта өтеді. Сонымен қатар қосымша білім беру жүйесінде де 41 организация 2 мың артық адамды қамтитын үйірмелер жұмыс істеп жатыр.
РКС: Құрманғазының күйлері қазақ өмірінің тілсіз тамыршысы, азаткерлік рухының ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған мұрасы сияқты. Бүгінгі челлендж де Құрманғазы Сағырбайұлының атақты 5 күйінің әуенімен өтті. Жерлестеріміздің таңдауы «Балбырауын» күйіне түсіпті. Дәл осы күйді Болашақ сарайындағы домбыра үйірмесіне келіп жүрген 8 бен 15 жас аралығындағы 200-ден астам балғын домбырашы бір демде шертіп берді.
ИНТЕРШУМ: болашақ сарайынан үзінді
РКС: «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра». Қос ішекті аспапты насихаттау мақсатында өңірде «Қасиетті домбыра», «Жас музыкант» байқаулары мен «Күй күмбірі», «Домбыра ән-домбыра дастан» челлендждері де өтуде.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ