ДИКТОР: Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған «Көкен Шәкейұлы – айтыс өнерінің ақтаңгері» атты облыстық ІVғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдерімен қатар ақынның жақындары мен балалары да шақырылған. Шара басталмас бұрын Красный яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында ашылған Көкен Шәкейұлы атындағы музейге шағын экскурсия ұйымдастырылды.
РКС: Көкен Шәкейұлы айтыс өнерінде есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Рухани құндылыққа толы музейде тума таланттың жыр жинақтары, әр кездердегі фотосуреттері мен күнделікті тұрмыста қолданған жеке заттары сақталған. Сондай-ақ, ақиық ақынның түрлі өнер додасында алған жүлделері мен алғыс хаттары да қойылған. Бүгінде музейде 300-ден астам жәдігер бар.
СНХ: СЕЗІМ МӘМАП, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Көкен Шәкейұлының мақтанышпен айтатынымыз ол айтыс өнерінің қыр-сырын өз шәкірттеріне үйреткен болатын. Қарсыластың бетіне баспауды сияқты ерекше ұстанымдарды өзі де ұстанған. Және оның көптеген өлеңдері, Көкше өңіріне «Бурабай», Арқаның кербездігі туралы «Үкілі Ыбырай», «Үш би» сияқты көптеген өлеңдері өзінің туған жеріне арналған.
РКС: Кештің басты қонағы Көкен Шәкейұлының ұлы - танымал әнші, сазгер Еркеш Шәкеев болды. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, қазақстандық және ресейлік жұлдыздарға арнап жазған көптеген хит әндердің авторы. Бүгінде композитор қазақ ақындарының өлеңдеріне ән жазуды қолға алған.
ИНТЕРШУМ: Еркеш Шәкеевтің орындауында ән
СНХ: ЕРКЕШ ШӘКЕЕВ, КОМПОЗИТОР: Әкем мені домбыраның үнімен ұйықтататын. Музыкадағы қазақтың кең даласының үні менің бойыма әкемнің қаны арқылы дарыған. Менің әуенім Еуропада, Австрияда, Белгияда, Англияда, Италияда және Қытайда шырқалады. Себебі, қазақ даласының үні менің музыкамды өзгелерден ерекшелендіреді. Бұл ішкі әуен маған әкемнен берілген деп ойлаймын. Әкем өмірде де, өнерде де адалдықты ту еткен жан еді. Сондықтан өнерге деген адалдық маған әкемнен біткен.
РКС: Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен ақынның туған – туыстары оның елге сіңірген еңбегі мен тұлғалық қасиеттерін тебірене тағы бір еске алды. Өңірлік жас айтыскер ақындар айтыс өнерінен үзінді көрсетіп қонақтардың құлақ құрышын қандырды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ