ДИКТОР: Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты сән көрсетілімі өтті. Көпшілік назарына ұлттық нақыштағы шапандар мен көйлектер, бас киімдер, және этностильдегі әшекей бұйымдар ұсынылды. Сән көрсетіліміне мәдениет қайраткерлері, облыстық іскер әйелдер кеңесі, мәслихат депутаттары, спорт шеберлері, мен білім саласының қызметкерлері қатысты. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері де заманауи үлгіде тігілген ұлттық киімдерін киіп шықты.
РКС: Ұлттық киімге арналған бұл күн халық рухының, ұлт болмысының көрінісін бейнелейді. Ұлттық дизайнның көркемдігі мен қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген киім-кешек қазақ халқының бай мұрасы. Қазақы киімнің әрбір ою-өрнегінде, әшекейінде халқымыздың тарихының қайталанбас көрінісі бар.
ИНТЕРШУМ: сән көрсетілімінен үзінді
СНХ: ЖІБЕК БАҒЫСОВА, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ: Қарасаң қандай әдемі ұлттың киімдері. Көз тояды. Қыздарымыз қандай сұлу. Үлкендеріміз қандай? Шапандары мен кимешегімен қандай тамаша. Қалай айтсаң да маұқтануға болады.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Қазақтың үлкен Ұлыстың ұлы күні мейрамының алдында «Ұлттық киім-ұлт мақтанышы» атты шараны өткізіп жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл расында да ертеден келе жатқан ұлттық киіміміз. Сондықтан оны ұмытпай, әрқашан күнделікті киіп жүруімізге дағды жасауымыз керек.
РКС: Кимешек – аналардың алтын тәжі. Әйелдер бұл бас киімді балалы болғаннан кейін ғана киіп, әлеуметтік мәртебесі мен жасын білдірген. Қазақ әйелдерінің ақ жаулығы – ғасырлар өтсе де, тектіліктің және ой тазалығының бейнесі болып қалды. Кимешектің пайда болу тарихы Х-ХІ ғасырларға тән. Ғалымдар Орта Азиядағы әйелдердің бас киімдерінің 16 түрін атап өтеді. Уақыт өте келе, бас киім үлкен мағынаға ие болған.
СНХ: МАРА ЕСМУХАНОВА, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Ата заманнан келе жатқан ұлттық киімдеріміз ғасырлар бойы сақталған өз орны бар. Сонау сәбилік жастан бастап тақия, бөрік киген қыздар, артынан сәукелесін киіп тұрмысқа шығып, сонан соң жаңағы ақ шелтір орамалдарын орап, солай жас ұлғайған сайын кимешек киіп міне біз сияқты әжелер қандай орынды. Міне ұлттық киім киіп тақия, бөрік киген қыздарымыз қандай сұлу. Осынау наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!
РКС: Қазақтың ұлттық киімдері көшпелі заманның салт-дәстүрімен жалғасып келе жатқан қолөнердің аса бай қазынасы. Киім үлгілері халықтың этикалық, эстетикалық талғамын бейнелеумен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімдері мен ырымдарын сияқты ұлттық құндылықтарымыздың көрінісін айқындаған. Қатысушылардың үстіндегі ұлттық нақыштағы киім-кешек әр тігіншінің өзіндік стилін айқындап тұрды.
СНХ: МЕРУЕРТ МАНЗАЛ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен негізі мамандықтан қателеспеген студенттердің қатарынанмын. Бұл менің балалық арманым. Киім дизайнері мамандығы шығармашылық пен еңбекқорлықты қажет ететін мамандықтың бірі болып саналады.Мамандықтың негізгі міндеттері де бар. Эскиз салу, мата таңдау және тігін технологиясын игеру. Колледж тапсырмаларынан бөлек барлық байқауларға қатысуға тырысамын. Қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазымын.
РКС: Қазақтың көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектердің мән-мағынасын сақтай отырып, қазіргі уақытқа ыңғайлы сан алуан киімдер мен әшекейлерді қолданысқа енгізуге үрдісі кең таралуда. Ұлттық үлгіде тігі¬л¬ген киім арқылы жастардың бойына патриоттық сезім ұялатуға болады. Сондай-ақ отандық өндірісті қолдай отырып, ұлттық брендті дамытуға жол ашылмақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ