ДИКТОР: Ел аумағында түрлі қайырымдылық шаралары белең алып жатыр. Айталық, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік игі істер марафонын бастап, балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлеріне жолдама бөліп жатыр. Бүгін ауыл мектептерінің директорларына «Қазақстан халқына» Қорының «QН Жаздық жолдама – 2024» қайырымдылық жобасы аясында жазғы демалысқа арналған орындар саны бар сертификаттар табысталды.

РКС: Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасы аясында «Қайырымдылық» деп айдар тағылған бүгінгі күні облыстың ауыл мектептерінде сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл күн қайырымдылық тақырыбын, мейірімділік пен ауызбіршілікті насихаттауға бағытталған.

СНХ: АЙЫМ АНТАЙБЕК, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Былтыр осы мектептен мені көпбалалы отбасынан «Сұңқар» лагеріне демалуға жіберді. Жазғы демалысымды өте жақсы өткіздім. Осындай біздің мемлекетімізге ризашылығымызды білдіремін.

СНХ: ӘЙГЕРІМ БАЯН, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Зеренді ауданынан «Сұңқар» лагеріне демалуға бардым. 2023 жылдың 10-тамызынан 24-ші тамызы аралығында демалуға бардым. Ол кезде бізге «Сұңқар» лагерінде демалу өте қатты ұнады. Ол жерде бес мезгіл тегін тамақ, жылы әрі әдемі жер. Біз отрядпен өзіміз бос уақытымызда Зеренді ауданының таза ауасында, табиғатында серуендедік. Және де отрядпен біздің әр уақытымыз, әр минутымызға дейін жоспарланған болатын.

РКС: «QH Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы 2023 жылдың жазында қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілген. Осылайша, ауыл мектептерінің 5-8 сыныптарының 640 оқушысы «Сұңқар» балалар сауықтыру орталығында демалу мүмкіндігіне ие болды. Биыл облыс оқушыларына мыңнан астам жолдама бөлінді. Шағалалы ауылындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Жәнібек Нұршәріпке сертификаттарды селолық округ әкімдігінің өкілі Алма Мусина табыстады.

СНХ: ЖӘНІБЕК НҰРШӘРІП, ШАҒАЛАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің Президентіміздің былтырғы жылғы бастамасы бойынша үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Оның бірі қайырымдылық қоры. Яғни, бүгін біздің мектебіміздегі атқарылып жатқан іс-шараның бірі ол балаларға жазғы жоддама жолдау. Яғни, биылғы жылы біздің ауданымызға 1005 жолдама жолданса, яғни, оның тоқсаны Зеренді ауданына бөлініп отыр. Ал, бізде юиыл 4 оқушыны тегін сауықтыру лагеріне жіберіп отыр. Айта кететін болсақ, жылдағы дәстүр бойынша былтырғы жылы төрт оқушымыз тағы сауықтыру лагеріне барып демалып келген.

РКС: Жалпы, қамқоршылық кеңесінің жоспарына сай 2024 жылы ҚР оқу-ағарту Министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарының мұрындық болуымен 20 мың оқушыны демалыспен қамту жоспарланған. Жауапты мамандардың пайымдауларынша, мұндай шаралар қоғамда қайырымдылық мәдениеттің қалыптасуына түрткі болады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ