ДИКТОР: Балды сүйіп жейтін тұрғындардың құлағына алтын сырға. "Береке" сауда үйінде «Бал жәрмеңкесі» бастау алды. Омарташылар пайдалы өнімнің 25 түрін ұсынады. Әрқайсысы иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін пайдалы қасиеттерге ие. Адамның әл-ауқатын жақсартып, ағзадағы метаболикалық процестерді жеделдетеді.

РКС: Пайдалы өнім Ресейдің экологиялық таза аумақтарынан әкелінген. Атап айтқанда, Алтай, Башқұртстан, Адыгея, Орлов облысы мен Татарстан. Бал жиырмадан астам емге шипа. Табиғи таза өнімді тек тұмау кезінде ғана пайдалану – қалың жұртшылық арасында қалыптасып қалған стереотип. Мәселен, қылқан жапырақтан жасалған бал бел, тізе және аяқтың ауырсуына көмектеседі. Оның құрамында калий мен кальций бар. Ал балтозаң қабынуға қарсы әсер етіп, асқазан, бүйрек және бауыр ауруларына көмектеседі.

СНХ: ЕЛЕНА КРИВИЧ, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ: Тек балғын, пайдалы әрі табиғи өнім ұсынамыз. Мәселен, корольдік желе қосылған бал. Бұл ара шаруашылығының эксклюзивті өнімі. Ол түрлі вирустық инфекцияларда жүйке кернеуін, стрессті, депрессияны азайтады. Біздің ассортиментте емдік және шай терімдері бар. Бальзамдар, тозаңдар, прополис, мұрын мен көзге арналған тамшылар. Денсаулық үшін көп нәрсе табуға болады.

РКС: Балаларға пайдалы дәрумендік шайлар да бар. Айтылақ, Алтайдан жеткізілген шөп инфузиясының майлары, асқабақ, күнжіт, зімбір. Жәрмеңкедегі жақпа, спрейлер табиғи өнімдерден алынған. Анемия және қант диабетіне шалдыққандарға дәнді дақылдар көмектесе алады. Сапалы әрі табиғи балдың дәмі мен хош иісі қызықтырады, - дейді сатып алушылар.

СНХ: НАТАЛЬЯ ШЕДЛОВСКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің қалада осындай жәрмеңке өтіп жатқандығы қуантады. Өзім бұл жерден жыл сайын бал аламын. Иісі де ұнайды. Табиғи өнім екендігі бірден көрініп тұр. Мені «медоман» деп атауға болады, себебі балды қатты жақсы көремін. Түрлі кәмпит пен шоколодтар да керек емес. Үйде әрқашан бал бар.

РКС: Жәрмеңкесі Көкшетаудағы “Береке” сауда үйінде 17-ші наурызға дейін тұрақтайды. Балды сүйіп жейтін қауым өнімді таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін сатып ала алады. Жәрмеңкенің ерекшелігі азаматтарға көрсетілетін қамқорлық пен сүйіспеншілік. 1 келі бал сатып алғандарға тағы біреуі тегін беріледі.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ