ДИКТОР: Мүмкіндігі шектеулі жандардың басты мәселесі – олардың қоғаммен байланысының бұзылуы, қимыл-қозғалысының шектелуі, замандастарымен және үлкендермен қарым-қатынасының жеткіліксіздігі, бірқатар мәдени шаралар мен білімнің қолжетімсіздігі.
РКС: Мүгедектерді әлеуметтік оңалту - қазіргі уақыттағы көмек және қызмет көрсету жүйелерінің маңызды міндеттерінің бірі. Мүгедектер санының көбеюі, сонымен қатар олардың проблемалары әлеуметтік қызметтің маңыздылығын арттырады. Сондықтан қоғамдық ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінде үлкен рөл атқарады.
СНХ: ГҮЛІМ БАЙҚОШҚАРОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің саңыраулар қоғамы 1937 жылы құрылды және оның нақты міндеттері бар. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу. Өмір сүру жағдайын жақсарту және әлеуметтік бейімделу, қоғамға интеграциялау. Ақмола облысында есту қабілеті нашар 972-ден астам адам тұрады. Біз мұнда іс-шаралар, кездесулер өткіземіз. Өзара араласамыз.
РКС: Есту қабілеті нашар адамның өмірінде ымдау тілі мамандары үлкен рөл атқарады. Өйткені, есту қабілеті нашар адамдар үшін қарапайым емханаға барудың өзі қиын сынақ болуы мүмкін.
СНХ: ӘСЕМ ҚАЙЫРЖАНОВА, ЫМДАУ ТІЛІ МАМАНЫ: Жұмыс көп. Біз емханалар, халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жерлерге бірге барамыз. Тіпті, отбасылық істер, түрлі шаралар болады, біздің қамқорымыздағы жандар үйленіп немесе тұрмысқа шықса, біз оларға көмектесеміз. Қазіргі таңда оқу орындарында, нақтырақ айтсақ, колледждерде мамандар жоқ. Өйткені бізде қалада мамандар өте аз. Бұрын санаторлық-курорттық емдеу 3-ші топтағы есту қабілеті нашар барлық мүгедектерге берілсе, қазір өзге де аурулары бар адамдарға ғана беріледі.
РКС: Есту қабілеті нашар адамдар баспана кезегіне қойылмайды. Бұл есту қабілеті нашар адамдар үшін айтарлықтай қолайсыздықты тудырады. Сондай-ақ, мүгедектік бойынша жәрдемақы төмен болғандықтан банктер ипотека беруден бас тартады.
СНХ: ДИАНА ДЕРГАЧЕВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мен Көкшетау қаласында тұрамын. Мені баспана кезегіне қойған жоқ. Біз жатақханада тұрамыз, онда өте суық. Менің кішкентай ұлым бар, күйеуім жалғыз жұмыс істейді, мен жұмыс істемеймін. Баспана жағы қиындық тудырады.
РКС: Саңыраулар қоғамында мәдени шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Алайда, мұнда да қиындықтар бар. Қазақстанның басқа қалаларында саңырауларға түрлі мәдени байқауларға дайындалу үшін мәдениет нысандарынан хореограф беріледі. Есту қабілеті төмен көкшетаулықтар үшін мұндай мүмкіндік жоқ. Олар өздері хореограф жалдауға мәжбүр. Айта кетейік, қоғамдық бірлестік қызметкерлері мәдениет басқармасына жүгінгенімен, әзірге нәтиже жоқ.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ