ДИКТОР: Нарықтық сауда жүйесінің міндеті-сөрелерде әділ баға белгілеу принципі. Осы қағидаттарды бұзу дүрбелең сұранысқа, бағаның өсуіне және соның салдарынан тұтынушы құқықтарының бұзылуына әкеледі.

РКС: Тиімді жүйенің негізі өндірушілер мен тасымалдаушылардың, сатушылар мен тұтынушылардың ортақ мүдделерін сақтау болып табылады. ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" заңы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне, сауда үстемелеріне шекті бағаларды белгілеуді көздейді.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 15 проценттік үстеме ақыдан асып кету Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-ші бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Бір жылда қайталап жасалған әрекет үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері 10, орта кәсіпкерлік 75, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

РКС: Департамент қызметкерлері жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын негізгі талаптарға да тоқталды. Әсіресе ірі сауда нысандарында, сондай-ақ базарларда сауда орындарын жалға беретіндерге қатысты біршама талап қойылып отыр.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ішкі сауда субьектілеріне сауда нысандары мен инфрақұрылымдарына тек қолжетімділікті ұсыну талап етіледі. Оның ішінде сауда желісі немесе ірі сауда нысандары ұйымдары арқылы тауарларды сатумен айналысатын ішкі сауда субьектілеріне де бұл талап қатысты. Ірі сауда нысандарыныңғ сауда базарларының ішкі сауда субьектілеріне көрсететін қосымша қызмет түрлерінің тізімдемесін бекіту де талап етіліп отыр.

РКС: Субьектіні профилактикалық бақылау кезінде аталған талаптар бұзылса бастапқы бетте ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан соң айыппұл салынады. Айта кетейік, тұтынушылардың құқығын қорғау шаралары аясында сатып алушыларға 38 миллион теңге көлемінде қаржы қайтарылды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ