ДИКТОР: Шетелдік компаниялар жолдарды салып шығады, күре жолдарда жарық жоқ, қызмет көрсету де нашар, ал шамадан тыс жүк тиелген ауыр көліктер асфальт жолда еш бақылаусыз жүреді. Олар жолдың быт-шытын шығарды. Парламенттің жоғары палатасының жалпы отырысында сенатор Талғат Жүнісов құрылыс сапасының төмендігі мен жол жағдайының нашарлығы мәселесін көтерді. Бұл – көптің көкейінде жүрген проблема.

РКС: Ақмола облысының тұрғындары мен мәслихат депутаттары жолдардың жағдайына байланысты халық қалаулысына бірнеше рет шағымданған көрінеді. Депутат жекелеген өңірлерде облыстық маңызы бар сапалы жолдардың үлесі әлі де 60 процентке жетпейтінін жеткізді. Тағы бір мәселе – жол құрылысының бағасын анықтау. Шетелдік мердігерлер материалдарды төмен бағада ұсынып, конкурстарға жиі қатысады. Осыған байланысты отандық компаниялар келісімшарттан бас тартады немесе баға демпингіне бейімделуге мәжбүр болады. Бұл жолдың сапасы мен жұмыс мерзіміне теріс әсер етеді.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жол қозғалысының қауіпсіздігі көбінесе жолдың сапасы мен жабдықталуына, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолының болуына, сондай-ақ олардың жарықтандырылуына байланысты. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан тыс жердегі жолдардың көптеген учаскесінде жарық жоқ. Бұл тек инфрақұрылымның артта қалғаны ғана емес. Қаржының шын мәніндегі аздығын, электр энергиясы тарифінің өте жоғарыекенін нақты айту керек. Бұл белгілі бір дәрежеде мәжбүрлі үнемдеу мен апаттарға және қайғылы жағдайға әкеледі. Жол бойындағы сервистік қызметке немесе оның болмауына байланысты азаматтардан үнемі шағым түсіп тұрады. Осыған байланысты, осы мәселелерді кезең-кезеңімен келісе отырып, бірте-бірте шешуге кірісу қажет.

РКС: Бұдан бөлек, Талғат Жүнісов ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Себебі, олар жүк көліктеріне арналмаған жолдарды бұзып кетеді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ