ДИКТОР: Ветеринария саласына қолдау білдіріп, қажетті қаражатты бөлеміз. Бірақ, аталмыш сала мамандары өздеріне жүктелген міндеттерге салғырт қарамай, сапалы жұмыс істеуі керек. Құр сөз бен жалған ақпарат қажет емес. Облыстық әкімдікте өткен отырыста облыс әкімі Марат Ахметжанов осылай деді. Сонымен қатар, жиында, көктемгі су тасқынына төтенше жағдай департаменті мамандарының дайындығы, қауіпті аймақтағы елді-мекендердің жағдайы талқыланды.

РКС: Ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы десек, ветеринария – халық денсаулығының кепілі. Сондықтан, бұл салаға көбірек көңіл бөлінсе, артық етпейді. Айталық, аталмыш салада маман тапшығылы байқалады. Осы күні жұмыс істеп жүргендердің орташа жасы 53. Ал, жастардың бұл салаға келгісі жоқ. Тіпті арнайы білімі барлардың өзі мамандығы бойынша жұмыс істеуден қашқақтайды. Себеп: жалақы мардымсыз, жағдай жасалмаған.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сондай-ақ, ветеринариялық мақсатқа арналған қолда бар техника, технологиялық жабдықтар жиынтығы және ветеринарлық станциялардың компьютерлері 2013-2014 жылдары сатылып алынған еді. Олардың барлығы бүгінгі күні тозған. Сондықтан, ветеринарлық станцияларды жөндеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, техникалық қызмет көрсету үлкен шығындар жасауда. Облыстық ветеринарлық стационарлардың материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін 24-жылы 1,3 миллиард теңге қаражат қажет.

РКС: Марат Ахметжанов мамандарды тарту, баспанамен қамту сұрақтарын шешуді аудан әкімдеріне тапсырды. Ал, бірінші орынбасары Елдос Рамазановқа ветеринария саласы мамандарын үй-жаймен қамту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді жүктеді. Сонымен қатар, Марат Мұратұлы көзбояушылыққа салып, есеп беру кезінде жалған ақпарат беретіндердің жауапқа тартылатындарын қатаң ескертті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өкінішке орай, сіздер ішкі өнімді, мал санын көбейтеміз деп біраз жалған көрсеткіштер бар. Мен бірінші тексеру барысын жүргіздім. Мына аппаратттың күштерімен. 44 мың бас жалған бас тіркеліп отыр. Егер жаңағыдай жалған, жасанды көрсеткіштер болатын болса, сол ауыл округі, аудан әкімдерін қатаң жауаптылығын қарастырамыз.

РКС: Жалпы, төрт түліктің сау болуы адамдардың да аман жүрулерінің кепілі. Айталық, өткен жылы Жарқайың ауданында сібір жарасы шығып, адамдар ауруханаға жатқызылған. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктер қайталанбауы тиіс деді облыс әкімі. Ал, кейбір аудандарда жем-шөптің жетіспеушілігінен малдар қырылып жатыр. Бұл мәселені де Марат Ахметжанов қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді. Күн тәртібінде қаралған екінші сұрақ – көктемгі су тасқынына дайындық барысы жайлы болды.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Сандықтау және Бурабай ауданының жартылай ғана дайын екендігі байқалады. Веденовка селосында міндеттердің бірі де орындалмаған. Инженерлік техника дайын емес. Су шығаратын техника жоқ. Дабылқаққыш жұмыс істемейді. Селолық округ әкімдерінің міндетін атқарушылар су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігін де білмейтін болып шықты. Сандықтау ауданы бойынша тескеріс жүргізген 3 елді мекеннің екеуінде қойылған талаптар орындалды, Балкашино селосында сала мамандарының дайындығын көре алмадық. Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды азық-түлікпен қамту, малдарды қауіпсіз аймаққа көшіру жоспары құрылмаған.

РКС: Марат Ахметжанов аудан әкімдеріне дайындықтарын пысықтап, ауыл-аймақтарды қардан тазарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Өткен жылдардағы қателіктерді ескеріп, биыл төтенше жағдайларға мейлінше төтеп беру қажеттігін ескертті.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ