ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің 10 өңірінен келген спортшылардың ішінен кіл мықтылар анықталмақ. Жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

РКС: Чемпионат жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өтуде. Ақмола өңірінің намысын 13 шорт-трекші қорғап жатыр. Олардың арасында Евамария Вернигора да бар. Спорттың бұл түұрімен айналыссқанына 7 жылдан асқан. Облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Балғын спортшының жеке қоржынында 15 медаль бар.

СНХ: ЕВАМАРИЯ ВЕРНИГОРА, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: Алдағы уақытта әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларға қатысқым келеді. Мен спорттың көптеген түрін сынап көрдім. Бірақ ешқайсысы көңілімнен шыққан жоқ. Шорт-трекке келген сәттен бастап спорттың осы түрі жаныма жақын екенін түсіндім. Болашақта мықты спортшылардың қатарынан көрініп, биік белестерді бағындырғым келеді. Бұл менің таңдауым.

СНХ: ЖАНАРЫС МАҒЖАН, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА): Шорт-трекпен айналысқаныма 8 жылдай болды. Облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионымын. Сондай-ақ, республикалық деңгейде алған медальдарым да аз емес. 44 медалім бар. Маған шорт-трек спорты ерекше ұнайды. Өйткені ол қара күштің көрсеткіші ғана емес, мұнда техника мен есептеудің де маңызы зор.

РКС: Ақмола облысында шорт-трек секциясы 2018 жылы ашылды. Спорттың бұл түрі соңғы бес жыл көлемінде қарқынды дамып келеді.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Осы сайыстан соң Қазақстан құрамасы жасақталады. Олар алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Ақмола облысынан қатысқан спортшылардың қай-қайсысы болсын алтын медальға лайықты.

РКС: Республикалық сайыстың жеңімпаздары Азия мен Әлем чемпионаттарына жолдаманы сарапқа салады. Турнирдің жеңімпаздары 1 наурызда анықталады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ