ДИКТОР: Көп балалы аналар мен әкелер «Самұрық-Қазына Траст» қорының грантына ие болып, кәсіптерін ашты. Барлығы 35 ақмолалық «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерген. Олар 1 ай бойы қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша трансформациялық шеберлік, консультациялар мен тренингтерден өткен болатын. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына қажетті жабдықтар сыйға берілді.

РКС: «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында кәсіпкер атанғандардың бірі көкшетаулық Эльвира Мұқашева. Көпбалалы ана үйдегі ұл-қыздарына сапалы, құнарлы әрі пайдалы тамақ беру мақсатында ірімшікті өзі жасауды қолға алған. Бастапқыда үй жағдайында бастаған келіншек бүгінде шағын ғимаратты жалға алып, 3 адамды жұмысқа алыпты. Сұранысқа ие жиырмадан астам ірімшік түрін жасап, қаладағы 10 мейрамхананы өз өнімімен қамтып отыр.

СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Кейіннен өзім сияқты аналар қызығушылық танытып, мені үйретіңізші деп мастер класстар сұрай бастады. Қазіргі таңда өзімнің оқушыларым, көп балалы аналар 15 ананы үй жағдайында ірімшік түрлерін пісіріп үйреттім. Өйткені, бізге қазіргі заманда дұрыс тамақтану өте маңызды. Дұрыс тамақтану арқылы біз дені сау, ойы таза бала өсіре аламыз. Соны жақсы түсмінгендіктен осы жолды таңдадым.

РКС: Аталмыш жобаға Эльвира сияқты көпбалалы аналар, әкелер, жалғызбастылар немесе ерекше баласы барлар және NEET санатындағы жастар қатысқан. Олардың арасында дәнекерлеуші, автомеханик, әлеуметтік желі менеджері, аспаздар мен сұлулық мамандары бар. Қатысушыларды құттықтаған «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева жас кәсіпкерлердің арасында ер азаматтардың көп екендігін атап өтті.

СНХ: АЛЬФИЯ АДИЕВА, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Мен бүгін қағаздағы статистиканы көріп отырсам, Көкшетау жарайсыздар. Ер азаматтар жақсы рекорд жасаған екенсіздер. 50 пайыз осы жерде ер азаматтардың бұл жобаға келіп, нақты, өзіне қажетті, тиесілі кәсіпті игеруге ынталарыңызщды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет айтамын. Ең біріншіден оқуларыңызды сәтті аяқтап, бүгінгі жеңісті күнге жетцулеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

РКС: Бір айлық оқудан сәтті өткен 35 ақмолалыққа арнайы сертификаттар табыс етілді. Яғни, осы сертификат арқылы қатысушыларға қажетті құрал-жабдық тегін беріледі. Бұл, әрине, кәсіпкерлердің өз ісін одан әрі дамытуына септігін тигізері сөзсіз.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ