ДИКТОР: Ерейментауда ақпанның 24-і мен 25-і аралығында тоғызқұмалақтан 8-ші республикалық жарыс өтті. Дүбірлі дода Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Балташ Дүйсеновты еске алуға арналды. Қазақстанның 12 облысынан 9 бен 13 жас аралығындағы 180-нен астам спортшы қатысып, бақтарын сынады.

РКС: Республикалық жарыс 8 кезеңнен тұрды. Ол швейцариялық жүйемен өткізілді. Қазылар алқасы жарыс ережесіне сәйкес, ойыншыларды жекелей кездесу, прогресс және Бухгольц коэффициент бойынша бағалады.

СНХ: СӘРСЕНБЕК ӨТЕПОВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ: Балташ Дүйсеновтың соңғы шәкірттері үлгі тұтып, құрмет тұтамыз. Ерейменмантаудың құрметті азаматы. Алдында да өтілді турнирлар. Аудандық, облыстық жарыстар. Біздің аймақтық жарыс ретінде өтіп, санаса 20-шы, ал республикалық болып 8-ші рет өтіп жатыр. Жылдан-жылға жарыстың деңгейі өсіп, географиясы кеңейіп келе жатыр. Жан-жақтан қатысушылар келіп, жандандырып, үлкен деңгейге көтеріліп жатыр.

РКС: Аталмыш жарыс дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келеді. Қатысушылар Ақмола, Ұлытау, Павлодар, Абай, Ақтөбе, Жетісу, Қостанай облыстарынан және Астана, Қарағанды, Ерейментау, Алматы, Ақсу қалаларынан келіп, кіл мықтылар өзара бақ сынасты.

СНХ: ҚАЙЫРКЕН ЖАҚЫП, САМБОДАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біздің республикалық жарысқа қатысқан балалар ертең үлкен додаларда жеңіске жетеді деп ойлаймын. Азиялық және дүниежүзілік ойындарға қатыссын. Жүлделі орын алады деген сенім бар. Егер Балташ Сыздықұлына келетін босақ, ол кісі ұлағатты ұстаз. Матетатик, этнограф. Осы елдің тау-тасын мұқият зерттеген адам, білген адам деп есептейміз.

РКС: Балғын спортшылардың басын қосқан жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін, жаттықтырушыларын Ерейментау ауданының әкімі құттықтады. Жарыс қорытындысына сәйкес, командалық есепте 3-ші орынды Қостанай облысының құрамасы иеленсе, Абай облысының командасы күміс жүлдегер атанды. Ақсу қаласының құрамасы бірінші орынға лайық деп танылды. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен жарыстың арнайы кубогы табыс етілді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ