ДИКТОР: Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Ашық есік күні өтті. Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері шақырылды. Мамандар жастарға департаментте тәжірибеден өту мен жұмысқа орналасудың қыр-сырымен бөлісті.

РКС: Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елдің экономикалық дамуына кедергі келтіретін қылмыстарды анықтайды, тергеп, және олардың алдын алады. Сол себепті бұл саланың қызметкерлері құқық, экономика мен IT бағыттарында білікті болуы керек. Тергеу органына жастарды тарту мақсатында мұндай шаралар жиі ұйымдастырылады.

СНХ: АЙБАР МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Экономикалық тергеп-тексеру қызметін бастапқы даярлау ол Қосшы қаласындағы ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдарының академиясында біздің сала бойынша, яғни экономикалық тергеп-тексеру қызметі бойынша мамандарды дайындайды. Кез-келген жас маманға бір жыл ішінде бір білікті маман тәлімгер ретінде тағайындалып, бір жыл ішінде жас маманды әдіс-тәсілдерге үйретеді. Сол жағынан қолдау көрсетеді.

РКС: Ерасыл Берікбол заңгер мамандығы бойынша білім алуда. 3 курста оқып жүрген ол болашақ жұмыс орнын қазірден таңдап жатыр. Осы шарадан кейін экономикалық тергеп-тексеру департаментінде қызмет етсем деген ойға келіпті.

СНХ: ЕРАСЫЛ БЕРІКБОЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Ақмола облысы тергеп-тексеру депатраменті қалай жұмысқа тұру жайында видеороликтер көрсетіп, қандай мамандықтарға жұмысқа орналасуға болатынын айтты. Оған Қосшы қаласындағы академия бар екенін түсіндіріп айтты. Осы экономикалық тергеу департаментіне оқуға түсемін деген ой пайда болды. Себебі, бұл мамандық мені қызықтырады.

РКС: Қазіргі уақытта департаментте кадр тапшылығы жоқ. Десе де, ведомствода жастар үшін қашан да есік ашық, - дейді мамандар.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ