ДИКТОР: Полиция қызметкерлері мен арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторлары көкшетаулықтарды өрттен құтқарды. Оқиға Сұңқар 6 үйіндегі пәтерлердің бірінде орын алған. Баспана иелері, 65 жастағы әйел мен оның баласы ажал ауызынан аман қалды.

РКС: Құтқарушылардың сол күні күнделікті кезекшілерін бастамағанын айтады. Дегенмен, үйлердің бірінен өрт шыққан хабарламаны естіген олар, дереу оқиға орнына барды. Қызыл жалын бас көтерген пәтердің есігі құлыптаулы, ал ішінде адамдар болған екен.

СНХ: ЕРІК НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Біз осы үйдің тұрғындарымен сөйлестіп, пәтерде адамдар барын түсіндірдік. Кейін дереу пәтерге кіріп, адамдарды шығару туралы шешім қабылдадық. Бізбен 2 арнайы жедел әрекет ету отрядының қызметкері болды, біреуі баспалдақпен көртерілсе, екіншісі терезе арқылы кірді.

РКС: Өрттен шыққан түтін бүкіл пәтер мен кіреберісті де қоршап алған. Айдын Ермағанбетов бірінші болып баспананың ішіне кірді. Белгілі болғандай, егде жастағы әйелде мүгедектік бар, ол өздігінен жүре алмайды. Ұлы оған да, өзіне де көмектесе алмады.

СНХ: АЙДЫН ЕРМАҒАНБЕТОВ, АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОТРЯДЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Пәтер иелері кілтері қайда жатқанын айта алмады. Кейін әріптесім Асылхан Нұртай терезе арқылы кіріп, олармен бірге кілтті іздей бастады. 3 минуттан соң тауып, құтқарушыларды кіргіздік. 4 адам өрт сөндіріп, зардап шеккендерді эвакуациялай бастады. Бұл менің кәсіби міндетім, менің ойымша, әрбір адам осылай істейтін еді.

РКС: Ерік Нұрмағамбетов, Шоқан Сапарбек, Айдын Ермағанбетов пен Асылхан Нұртай тұрғындарды эвакуациялап, өртті толық ауыздықтады. Нәзікжанды жедел жәрдем мамандарына тапсырылды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ