ДИКТОР: Кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды қазақ өнерінің алыптары Көкше жерінен шабыт алып, әндеріне арқау еткен. Бүгінде сол асылдардың ізін басып келе жатқан әншілер кемде кем. 6 жасынан қара домбырасын жанына серік етіп, дәстүрлі өнерді халқына сыйлап жүрген дарындардың бірі - Сәрсенбай Хасенов. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған "Мен жастарға сенемін!" атты Сәрсенбай Хасеновтың ән кеші өтті.
РКС: Кештің бір ерекшелігі Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған Сәрсенбай Хасеновтың жаңа 4 әні алғаш рет орындалды.
ИНТЕРШУМ: Сәрсенбай Хасеновтың орындауында "Батыр баян" поэмасы
РКС: Сәрсенбай Хасенов өзінің қоңыр дауысымен, қасиетті домбыраның күмбірлеген үнімен сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан халық әндерін орындаумен танымал. Оның ата-анасы мен бауырлары да айтулы әншілер. Арқаның зерттеушісі болашақта жастардан мол үміт күтетінін жеткізді.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Жастар ғой елдің болашағы. Біздер орта жастамыз. Екі ортаның көпірімін деп ойлаймын өзімді. Үлкендерден алған білімімді сол жастарға, халыққа жеткізсем. Сол біздің басты мақсатымыз деп ойлаймын. Көкшетау бұл әннің мекені, әннің ордасы. Мағжан жырлаған Көкшетау:
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
Бөлектеу: «Ой, бауырым!»- дер анадайда.
Оқжетпес найза қия — қыранға ұя,
Қарасаң, жанның шері тарамай ма?- дид. Көкшенің тумасы Мағжан болсын, Ілияс болсын, Сәкен болсын. Көкшені жырлап кеткен. Сондай қасиетті де, қастерлі топырақ бұл жер. Осы жердің жастары, халқы білімді де, білікті. Сондай көзі ашық азаматтар болу керек деп ойлаймын және Мен жастарға сенемін!
ИНТЕРШУМ: Сәрсенбай Хасеновтың "Бесік жыры" әнін орындаудан фрагмент
РКС: Кешке жиналған көрермен қауым әуелеген ән арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі әншіге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
СНХ: ҒАЗЕЗ ТАСЫМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сәрсенбай Хасенов халықтың көңілінен шығып жүрген әнші. Біздің ескіден келе жатқан әндерімізді, музыкаларымызды зерттеп, тексеріп жүрген азамат. Ол жастарға өнеге болып, жас таланттарды тәрбиелеп шығара берсе нұр үстіне нұр болар еді.
СНХ: ҚАҒИРА РАҚЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл бала өте дарынды бала. Әнші, сазгерлігі өзінше, диапазоны кең. Әннің айтқанда көресіздер ғой қала айтады. Баурап алады жанды дауыспен. Бұл балаға мен тек тілеймін ұзақ өмір, мол бақыт, денсаулық тілеймін! Сарқылмас қайрат тілеймін! Тайпас тақ тілеймін! Белестерден өтіп, асулардан асып, абырой-беделі үстеп болып, мәртебе, дәреже, құрметке ие болсын.
ИНТЕРШУМ: Сәрсенбай Хасеновтың "Жұлдыздарға" әнін орындаудан фрагмент
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ