ДИКТОР: Елімізге маска режимі қайта оралды. Себебі, қызылша мен тұмау өршіп тұр. Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 процентке өскен. Олардың басым бөлігі Астана мен Алматы қаласында тіркелді. Ал, маска тәртібі эпидахуал жақсарғанша сақталмақ.

 РКС: Былтыр коронавируспен 600-ден астам адам тіркелген. Бүгінде өңірде коронавирус жұқтырған 4 адам ауруханада ем қабылдауда. Науқастардың басым көпшілігінде сырқат жеңіл өтіп жатыр.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған кезде коронавирустық инфекцияға мен тұмауға диагностикалық тестілеу жүргізіледі. Бізде 1200-ден астам зерттеу жұмысы өткізілді. Зерттеу барысында оң сынама анықталған жоқ. Биыл төрт жағдай тіркелді. Оның 3-еуі Көкшетауда, біреуі Бурабай ауданында анықталды.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде киген абзал. Бұл қызылша, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін қолға алынып жатыр. Көкшетаулықтар маска режимін қолдауда.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Қазір біз ауру өршіп тұрғандықтан, оның үстіне қазір тұмау бар. Сол себепті өзімізді денсаулығымыз үшін, қауіпсіздігіміз үшін осы маска режімін қолдаймыз.

- Көпшілік жерде маска киген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, қаншама аурулар шығып жатыр. Адам өз-өзінің денсаулығын күтіп, маскасын тағып жүргені ешкімге артық болмайды деп ойлаймын.

РКС: Барлық өңір жасыл аймақта. Дегенмен вирус тарамас үшін алдын-ала профилактикалық шаралар қабылданып жатыр. Масканы 3 сағат сайын ауыстыру қажет. Коронавирусты анықтау тесті медициналық ұйымдарда жүзеге асады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ