ДИКТОР: Соңғы күндері ауа райының күрт суытуы, қыс мезгіліне тән емес жаңбырдың жаууы кері әсерін бермей қоймады. Айталық, қала көшелері мұз айдынына айналғандай. Әсіресе, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан жүру мүмкін емес. Ал, көктайғақ ірі жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы ғажап емес. Жолдағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жауапты сала мамандары қала көшелеріне құм төсеп, амалын табуда. Құм төселген жолда жүру көлік иелеріне де, жаяу жүргіншілерге де оңай. Одан қалды, құрамында химиялық қоспасы бар басқа түрлі реагенттерге қарағанда құм қоршаған ортаға зиянсыз. Бұл жұмыстар алдын ала жоспарланған бағыт бойынша жүзеге асырылады. Әрине, орталық көшелермен қатар, қаланың шеткері аудандары да назардан тыс қалмағаны маңызды.

СНХ:ВЛАДИМИР КОРНАТОВСКИЙ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ИНЖЕНЕРІ: Осы күндері Кирпичный және Застанционный кенттеріне құм төседік. Әдетте, инертті материалдарды қатты көктайғақ болғанда, 109 қызметінен хабарлама келгенде төсейміз. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығынан немесе автобус паркінен хабарласып, құм төсеу қажеттігін айтады. Бізде 2 ЗИЛ, 2 Камаз көлігі бар. Құм жеткілікті. 1600 тонна құм жеткізілген, оның 500 текше метрі төселді.