ДИКТОР: Щучинск қаласындағы "Гелиос" жанар станциясында жанармай құюға тоқтаған жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды. Toyota Land Cruiser 200 жеңіл автокөлік жүргізушісі көлігін дұрыс қоймай, жол бергісі келмеген. Ал жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға асығып тұрған. Арада жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқан.

РКС: Жанжалдан кейін 57 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі жарақатына қарамай, шақыртуға барған. Қазір жағдайы қалыпты, дегенмен де көңіл-күйі жоқ,-дейді әріптестері.

СНХ: САПУРА БАТЫРБЕКОВА, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің жүргізуші қатты жарақат алды. Басынан жарақат және бетінде ісік пайда болды. Соған қарамастан ол шақыруға барып, ауру адамды больницаға жеткізді.

РКС: Полицейлер күдіктіні жедел іздестіріп, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

СНХ: ГҮЛНӘР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Күдікті Щучинск қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сараптама тағайындалуда.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, дәл осыған ұқсас жаңдай жуырда Қарағанды облысында орын алып, қоғам тарапынан үлкен резонанс туғызған еді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ