ДИКТОР: Соңғы күндері облыс аумағында қар мөлшері көп жауды. Сәйкесінше, коммуналдық қызметкерлердің де жұмысы күшейтілген. Олар күн-түн демей, қала ішіне жиналған қарды сыртқа шығарады. Жалпы, облыс орталығында бұл жұмыстармен айналысатын екі компания бар. Ал, тазалау жұмыстарына күн сайын 60 шақты техника жұмылдырылады.

РКС: Таңмен таласа жұмысқа кірісіп, даладағы оппа қармен алысатындардың бірі Жайнагүл Мәждай. 51 жастағы әйелдің 5 баласы бар. Оларды асырап, отағасына сүйеу болу үшін жұмыс таңдамаймын,- дейді. Қыста қолына күрек алып қар тазаласа, жазда сыпырғыш ұстап аула сыпырады. Одан қалды, облыс орталығынан 25 шақырымда орналасқан ауылынан күнде қатынайды екен.

СНХ: ЖАЙНАГҮЛ МӘЖДАЙ, ЖҰМЫСШЫ: Біз міне осы жүрген бригада бәрі сол Шағалалы ауылынан келеді. 25 шақырым қаладан. Өзі газельмен алып келеді, қайтып алып барады кешке. Ол жағынан қиындық жоқ. Бала-шағаның нәпақасы. Күн көріс. Солай жүріп жатырмыз. Бөлініп берген өзімізде участоктер бар. Соларды тазалаймыз. Кешкі беске дейін. Ал егер осындай қосымша жұмыс болғанда 1-2 сағат кештеу істейміз.

РКС: Коммуналдық сала қызметкерлері осы күндері екі топқа бөлініп жұмыс істеп жүр. Біріншілері таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін шықса, екінші топ түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін қала көшелерін қардан тазалайды. Әдетте, бір техника күніне 7-8 рет қар шығарады. Бірақ, осы күндері әрқайсы оннан астам рейс жасап жүр.

СНХ: ЕРЖАН АМАНБАЕВ, «ЗЕРЕН ПЛЮС-2006» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БРИГАДИРІ: Мына Көкшетаудың ар жағына Щучьеге выезд жақта полигон бар. Қардың полигоны, соған шығарамыз. Енді мен өзім санауышма, өзім жұмыс істегенде, күндіз, 15-20 техника шықса, әрқайсы 10-11 рейстан жасайды. Міне, қазір Ақан сері, Сағдиев көшелерін жинап жатырмыз. Қар көп ол жерде де. Сол жаққа жіберіп жатыр. бүкіл техника сол жақта.

РКС: Коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысына айтылар сын қашан да көп. Дегенмен, қақаған қыста күрек ұстап, аязды күні көше тазалау оңай еместігін ескерген жөн.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ