ДИКТОР: Осыдан бірнеше жыл бұрын Үкімет тарапынан қабылданған «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Соның айқын айғағындай Сандықтау ауданындағы Каменка дәрігерлік-амбулаториясында қызмет атқарып жүрген, Астана мемлекеттік медицина университетінің түлегі Аружан Аманжолова жергілікті тұрғындармен тез тіл табысып кетті.

РКС:Аружан Аманжолова Сандықтау ауданындағы Мәдениет ауылының тумасы.Бала кезінен адам жанының арашасысы дәрігер болуды армандады. Енді міне «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша Каменка ауылдық дәрігерлік амбулаториясында терапевт болып жемісті еңбек етуде.

СНХ: АРУЖАН АМАНЖОЛОВА, ТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕР: Үй жағдайы шешіліп жатыр. Аудандық бюджеттен 345 мың теңге көтерме ақы алдым. Қажетті құжаттарды дайындап облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырдым.Амандық болса 5миллион теңге аламын деп отырмын.

РКС: Жас дәрігер «Тас түскен жеріне ауыр» дейтін қағиданы жүрек түкпірімен сезінеді. Аружан Аманжолова еңбек жолын бастаған Каменка ауылы тұрғындарымен тез тіл табысып, әр сырқат жанға мінсіз медициналық қызмет көрсетуде. Күндізгі стационардың емдеу жұмыстарын жүйеге қойды.

СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда 39 медитцина қызметкеріне 100айлық еңбек ақы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдар 13 миллионнан астам теңгенің көтерме ақысын төледі. 2023 жылы жаңадан жұмысқа орналасқан жас манандарға 120 миллион теңге берілді. 29 ауыл дәрігері жалпы соммасы 72 жарым миллион теңгенін көтерме ақысын алды. Олардың әр қайсына 2.5 миллион теңгеден берілді.

РКС:Жас дәрігер Аружан Аманжолова да көптеген құрбылары сияқты «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының шарапатын көріп жүр.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,КӨКШЕ АҚПАРАТ