ДИКТОР: «AMANAT» партиясының облыстық филиалында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Жиында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі, сонымен бірге тағамдарды сақтайтын орындарды санитарлық бақылаудың барысы жайы қозғалды.

РКС: Облыста 530-дан астам мемлекеттік мектеп бар. Оның 507-сінде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. 10 мектепке тағам термоспен жеткізіледі. Астрахан, Аршалы, Зеренді, Қорғалжын және Шортанды аудандарындағы кей мектептерде бала саны аз. Сондықтан осы өңірлердегі 24 мектепте асхананың жоқтығынан буфет ұйымдастырылған.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Шағын жинақты мектептердің саны – 357. 72 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады. 1 және 4 сыныптың 57 мыңнан астам оқушысы, жаппай оқумен қамту қорынан 5-11 сыныптың 12205 оқушысы, ал шаруа қожалықтарының есебінен 3 мыңнан астам оқушы тегін тамақтануда. 45 мектептің асханасы сенімді басқаруға берілді. 120-ға жуық мектепте конкурс бойынша азық-түлік жеткізушілер анықталды. 380 мектеп тамақты өздері ұйымдастырып отыр. Аспаздары штаттық маман ретінде жұмыс істейді.

РКС: Аймақта ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз ету толығымен шешілген. Жиында осы бағыт бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Облыстағы 531 мектептің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органының қатаң бақылауында.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Былтыр қоғамдық тамақтандыру нысандарына 60-тан астам жоспарлы тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы санитарлық ережені бұзған 30-ға жуық дерек анықталды. Олардың бәріне ұйғарым шығарылып, 11 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Желтоқсан айынан бері Бас прокуратура қоғамдық тамақтандыру бөлімшелерін тексеріп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 115 нысан тексеріліп, оның 112-де санитарлық талаптың бұзылуы анықталды. 12 нысанға айыппұл салынды. Қалғандары бойынша прокурорлық әрекет етуге қатысты акті жасалады.

РКС: Оқу жылының басынан бері мектеп басшылығының және тамақтану қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен тұрақты негізде семинарлар өткізіліп келеді. Жұмыс барысындағы кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстар берілді. Айта кету керек, былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс істеуге рұқсаты жоқ қоғамдық тамақтану орындарының саны біршама азайған.

ГҮЛЗАТ ҚАЛЫМ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦСКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ