ДИКТОР: Көкшетаудағы Бейбітшілік шағын ауданының тұрғындары көшедегі оппа қар тазаланбай, қозғалыстың қиындатқанына ашулы. Бірнеше күн толассыз жауған қарды коммуналдық қызмет өкілдері дұрыс тазаламайды деген тұрғындар телеарнаға хабарласып, шағымданған еді. Істің мән-жайын әріптесім Лаура Дәулетбек анықтап қайтты.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бейбітшілік шағын ауданының тұрғындары талабымыз қар тазалаушыларға жетсе дейді. Қарапайым халық толассыз жауған қарды дер кезінде тазартуға коммуналдық қызмет өкілдері асығар емес деп наразы. Көше бойы мен автокөліктер жүретін жолдар қалың қарға толған. Салдарынан қозғалыс қиындап, қалаған жерлеріне жете алмай әуре.

СНХ: АЙСҰЛУ СЕЙДАЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мына жолды қараңдар совсем өзі. Бірақ машина өтетін жол. Менің жолдасым мүгедек. Екінші топтың мүгедегі. Сол давлениясы 230 болып көтерілді. Скорый шақырдым. Скорый бір сағаттың ішінде әзер келді ғой. Мей айтамын қайда жүрсіндер? А мы пока обьехали, пока дорогу нашли, пока к вам заехали дейді. Бұл не сұмдық? Бізге неге жолды тазаламайды? Жолдарды неге ашпайды? Тоже күтіп отырма біреу өлгенін?!

РКС: Жауапты сала мамандарының сөзінше, қар тазалау жұмыстары ең алдымен қаланың негізгі көшелерінде атқарылады. Содан кейін, екінші деңгейдегі көшелерді, айналмалы жолдарды қардан тазаламақ.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біз Бейбітшілік шағын ауданына бүгін арнайы техника жібереміз. Қалып қойған көшелерді қардан тазалау үшін.

РКС: Тұрғындарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе қоқыс қалдықтары. Контейнерлердің жанында төгіліп жатыр. Жауапты өкілдердің дер кезінде жинамауы салдарынан айнала ластанған. Қоқыс алаңдардың жоқтығына осындай жағдайға тап болып отырмыз,-дейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Контейнерді қоятын арнайы жер болуы керек қой. Оны кім жасау керек? Оны ЖКХ жасау керек. Неге оны жасамаған? Контейнер ана жер, мына жерде. Араларындағы ара қашықтығы жарты километрге дейін. Оны кім пакет ұстап алып анда жүгіреді? Бір шеттен, бір шетке. Сондықтан, оның бәрі дұрыс болу керек қой. Мусорды шығарсын, шығармасын жұрттың үйіне счетка суға қосылып, мусордікі де келеді. Жаз шыққанда не болады? Ол бәрі сасиды ғой. Ауру сосын қайдан тарайды? Осыдан.

- ТБО бізді былайша айтқанда мәжбүрлеп отыр. Басқа ешқандай организациямен сіздер жұмыс істемейсіздер. Только бізбен ғана. Біз тендерді ұтып алдық деген сауал қойып отыр. Хотя біз бардық, қалалық әкім Бауыржан Ғайсаның алдынан өттік. Осылай түсіндіріп айтып едік. Ол кісінің бізге айтқаны, сол ТБО-ның көзінше айтқаны сіздер индивидуальный өздеріңіз мусорный жәшік қойыңыздар. Сосын айына ма, екі айда бір толғанда частныйды шақырасыздар да өздеріңіз төккізіп отырасыздар деп. Біздің микрорайонның 50 пайызы сондай жағдайды ұнатып отыр.

РКС: Жауапты сала мамандарының айтуынша, қоқыс аптасына екі рет шығарылады. Ал, қоқыс алаңына келетін болсақ, оны орналастыратын 16 алаң анықталған.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біз осы шағын ауданға барып, тұрғындармен кездестік. Оларға қоқыс алаңдарын орнатуға болатын аумақтарды белгілеп беруді сұрадық. Осыдан кейін біз атқарушы органмен бірлесе жаңа қоқыс алаңдарын салуға дайынбыз.

РКС: Алдағы уақытта тұрғындар өз аулаларына жеке қоқыс контейнерлерін орнатып, жекеменшік компаниялармен жұмыс істейміз деп отыр. Ал, ол үшін ең алдымен жекеменшік серіктестікпен келесім-шартқа отырып, оны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына көрсетуі тиіс. Тек содан кейін ғана Оператор тұрмыстық қатты қалдықтар серіктестігімен жұмысты толық тоқтата алады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ