ДИКТОР: "Родина" агрофирмасы» серіктестігі негізінен мал шаруашылығына басымдық беріп отыр. Өйткені, серіктестік табысының 60 проценті мал шаруашылығынан түседі. Сүт өндіру көлемін ұлғайту мақсатында 2007 жылы шаруашылыққа Канададан Гоштлин-фриз тұқымынан 750 бас сиыр әкелінді. Содан бері агрофирмада осы сала қарқынды дамып келеді.
РКС: Шаруашылықта бірнеше сиыр қорасы, құнажындар, бұзауларға арналған арнайы орындар бар. Айта кетерлігі, бұзаулардың 75 проценті құнажындар. Төрт түліктің өсіп-теілуі үшін жақсы күтім жасалған. Таза, кең қоралар. Жұмысшыларға да еңбек етуге ыңғайлы. Әрбір жануарға чип салынған. Онда малға қатысты толық ақпарат қамтылған.
СНХ: РУСТАМ КӘРКЕНОВ, «РОДИНА» АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір бізде 8400 бас мал бар, оның 7900-і голштин, 2460-ы сауын сиыр. Тәулігіне әр сауыннан 27 литрден сүт сауылады. Жалпы есептесек, тәулігіне 92-93 тонна сүт жиналады.
РКС: Мол өнім алу үшін күтім жақсы болуы шарт. Бүгінде агрофирмада екі астық және бір жем өндіру кешені жұмыс істейді. Егістік алқабы 50 мың гектарға жуық. Мал азығы үшін сұлы мен арпа егіледі.
СНХ: РУСТАМ КӘРКЕНОВ, «РОДИНА» АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Малдарға беретін рационда құнарлы жем, сондай-ақ ірі және құрама жем бар. Жемнің 90 процентін тікелей шаруашылықтан аламыз, бұл сүрлем, пішендеме, бидай, арпа, өзіміз өндіретін жем.
РКС: Жыл сайын агрофирма әлеуетін арттырып, сол арқылы өндірілетін өнімнің сапасы мен көлемін ұлғайтуда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
КАМИЛА ҚАБДРАШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ