ДИКТОР: Былтыр облыстағы мемлекеттік қызметшілер елуден аса әдептік бұзушылыққа жол берген. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңес отырысында белгілі болды. Бұдан бөлек, жиында аудандарға қатысты да бірқатар сұрақтар көтерілді. Нақтырақ айтсақ, демалыс және іс сапар ақыларының уақытылы төленбеуі, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі талқыланды.

РКС: Өткен жылы әдеп жөніндегі уәкілдер 500-ден аса адамға көмек көрсеткен. Бұдан бөлек, олар азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, аудандарға шығып тұрады. Әрбір өтініш пен шағым бойынша тексеріс жүргізіліп, нәтижесі әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралады.

СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Мемлекеттік қызметшілердің этикалық норманы бұзғандары туралы жетпістен аса шағым түсіп, тексеру барысында оның елуі расталды. Әрине, мұндай бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

РКС: Жиында кей мемлекеттік қызметшілерге демалыс және іс сапар ақысының уақытылы төленбейтіні де айтылды. Жыл басынан бері облыстың бірнеше аудандарында осындай 33 факті тіркелген. Әсіресе, Сандықтау ауданы көзге түсті. Ол жерде 6 жағдай орын алған. Яғни, алты рет төлемақы уақытынан кешіктіріліп берілген. Негізгі себеп – қаржыландырудың болмағаны,-дейді мамандар. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін, бюджетті дұрыстап жоспарлау қажет деген ұсыныс айтты.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ