ДИКТОР: Мемлекет жыл сайын әскерилерге ерекше көңіл бөліп, елдің тыныштығын сақтау мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда .Бұл жөнінде толығырақ тілші материалында.
РКС: Әскери қызмет – бұл үл¬кен жауапкершілік. Бұл саланың тізгінін ұстау үлкен төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Себебі, жеке мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, отансүйгіштік қасиеті бай патриот азамат болу керек. Осы тұрғыдан, әскери қызметке мамандарды тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
СНХ: ӘЛІМЖАН ТҮЛЕБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ БРИГАДА КОМАНДИРІ: Әскери қызмет– нағыз ер еңбегі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысының аумақтық қорғанысы жөніндегі запастағы бригада құрылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Республикалық мемлекеттік мекемесі, 99265 әскери бөлімі мемлекеттік келісімшарт бойынша ҚР-сы қарулы Күштер қатарына офицерлер, сержанттар және қатардағы жауынгерлер лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар: 32 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы. Мерзімді әскери қызметін атқарған немесе ҚР-сы қорғаныс Министрлігінің мамандырылған ұйымдарына әскери даярлықтан өткен.
РКС: Ерікті түрде запастағы әскери маман атану үшін денсаулығы сай келуі тиіс.
СНХ: ӘЛІМЖАН ТҮЛЕБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ БРИГАДА КОМАНДИРІ: Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдануы үшін азаматтың медициналық жағдайы жақсы және сотталмаған болуы тиіс. Әскери келісім-шартпен жұмысқа кірген азаматтарға атқарып жатқан лауазымы мен әскери атағына байланысты лауазымдық жалақының мөлшерін қызмет және әскери атақ мерзіміне қарай ұлғайта отырып, тұрақты және уақытылы жалақы төленеді.
РКС: Алдағы уақытта әскери борышын өтегеннен кейін штаб офицері, әскери байқаушы, әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері болып жұмысқа тұра алады.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА,САБЫРБЕК ШЕРНИЯЗДАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ