ДИКТОР: Көкшетауда толассыз жауған қар қала тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің жүруіне қиындық туғызуда. Жыл басталысымен коммунальдық мекемелердің жұмысы күшейе түсті. Көшелерді қардан тазалау жұмыстарына 60 техника жұмылдырылды.

ИНТЕРШУМ: қарға батып қалған көлі

РКС: Жаңа жыл қалын ақ ұлпасымен басталып, облыс орталығын қар басып қалды. Қалалық коммуналшылар өз істеріне кірісті. Тазалау жұмыстарына 3 қар тиегіш, 10 трактор, 25 жүк және қар тазалайтын 12 түрлі көлік жұмылдырылған.

STAND-UP: СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ТІЛШІ: Қалалық коммуналдық мекеме қызметкерлері жолдағы қарды тазалағанмен, одан пайда болған қар үйінділерін жолдардың бойына үйіп кетеді. Тіпті Кейбір жерлерде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жабылып, тұрғындардың жүруіне қиындық туғызуда.

РКС: Жиналған қар үйінділері жаяу жүргіншілердің жүруіне де қиындық туғызып отыр. Бас көшелердегі қар тазалау жұмыстары кезінде пайда болған үйінділер көліктердің шағын көшелерге, автотұрақтарға бұрылуын қиындата түскен.

СНХ: АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: Қалалық автобус маршрутының жүргізушісі боламын. Көшені тазалағанда бордюрдің қасында қарлар қалып қояды. Бізге бұрылғанда, аялдамаларға кіргенде кедергі жасайды. Соған бір жасалса деп өтініш жасаймын сіздерге. Грейдер жаңағы камаздар тазалап өтеді. Бірақ сонына дейін тазаламайды. Бордюрдың жанындағы қар бізге аялдамаға тоқтаған кезде кедергі жасайды.

РКС: Кейбір көшелерде қарды тазалау жұмыстары бірден толық атқарылмайтына көкшетаулықтар наразы. Ал жауапты мамандардың айтуынша, кестеге сәйкес барлық көше қардан аршылады.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ