ДИКТОР: Биыл облыста тас жолдарының құрылысы жылдағыдай көктемнің соңғы айларында басталады. Жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу жұмыстары бойынша 120-дан астам жобаны іске асыру үшін шамамен 60 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлаған.

РКС: Құрылыс-монтаж жұмыстары «Астана қаласына маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары», «Астана қаласының маңындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту», «Ауыл-ел бесігі», «Өңірлерді дамыту», «Моноқалалар мен шағын қалаларды дамыту», «Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту», «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу» бағдарламалары шеңберінде жоспарланған.

СНХ: ЖҰМАБЕК ХАЙРОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Щучинск-Степняк-Уәлиханов", Астана қаласының "Шығыс айналма жолы - Сарыоба станциясы", "Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлаксай", "Жалтыр-Макинск", "Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минское", "Щучинск-Николаевка", «Бурабай-Қотыркөл", "Қорғалжын-Арықты-Раздольное", "Жолымбет-Шортанды-Пригородное" сияқты автожолдардың маңызды учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды жалғастыру жоспарланған. Биыл облыс елді мекендерінің көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Республикалық және облыстық тас жолдарын жөндеуге қосымша қаржы бөлінеді. "ҚазАвтоЖол дың балансындағы "Көкшетау-Атбасар" тас жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасды. Бұл Зерендіден Балкашино бағытындағы учаске, сондай-ақ "Жезқазған-Петропавл" автожолын жөндеу де жалғаспақ.