ДИКТОР: Ұлттық ұлан – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштік құралымдардың бірі. Әскерилер аса маңызды стратегиялық объектілер мен түзеу мекемелерін күзетеді, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде Ұлттық Ұланның құрылғанына 32 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

РКС: Бүгін - Ұлттық Ұлан әскерінің құрылған күні. Елде қоғамдық тәртіпті қадағалап, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан 5510 әскери бөлімінің залына Мемлекеттік ту енгізіліп, Әнұран шырқалды.

ИНТЕРШУМ: ту енгізілді

СНХР: МАНАТ НАУКЕЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Ең біріншіден, Ұлттық Ұланның ардагерлерін, жауынгерлерді және қызметке келетін жауынгерлерді өз атымнан және Ұлттық Ұланның «Орталық» қолбасшының атынан шын жүректен құттықтаймын. Қызметтеріне табыс болсын, әрқашанда еліміздің аспаны ашық болсын. Еліміз аман болсын. Жетістік, молшылық, тыныштық.

РКС: Әскер қатарына жақында қосылған сарбаздар жауынгерлік қызметі үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. 5510 бөлімінде әскери өмірге машықтанған жас сарбаз Мұхаммедияр Селмұқан «Әр сарбаз өз берген антына сай қызмет атқарып, мол жауапкершілікпен адал еңбек етері анық», – дейді.

СНХР: МҰХАММЕДИЯР СЕЛМҰҚАН, САРБАЗ: Мен 1-23 шақырылымының сарбазымын. Осы әскерде жүргеніме 7 ай уақыт болды. Әскерге келгеніме өкінбеймін. Отанымды қорғап жатқаныма шын жүректен қуаныштымын. 10-қаңтар Ұлттық Ұлан күнімен барша ұлттық ұландарды құттықтаймын.

РКС: Ұлттық ұлан қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарады. Бүгінде 5510 әскери бөлімінде офицерлер мен сарбаздар Отан алдындағы борышын адал атқаруда. Салтанатты шара мерекелік көңіл-күйге ұласып, өңірдің дарынды ұл-қыздары ел іргесін қорғап жүрген әскери қызметкерлерге арнап, ән-жырдан шашу шашты.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ