ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қызметкерлерімен кездесті. Ол өңірдің бірқатар мәселелеріне тоқталып, оқытушылардың сауалдарына жауап берді.

РКС: Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне жарияланған сұхбатының мазмұнын талқылап, жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, бірқатар өзекті мәселелер сөз болды.

ИНТЕРШУМ: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің депутатқа қойған сауалы.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Еліміздегі ұлттық мүддеге байланысты айтатын болсақ, тарихшыл болғандықтан, тарих тілімен айтатын болсақ өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалпына келтіру. Ұлттық тарихымызды жандандыру. Саяси қуғын сүргін құрбандары бойынша айтып кетті. Сосын жаңағы тұлғаларымызды жандандыру. Бұның барлығы жаңағы рухани құндылықтарды қалпына келтіру болып табылады. Өзіміздің әз-Наурызымыз ерекше тұрады. Наурызымызда жаңа сатыда тойлау керекпіз. Қалпына келтіріп. Өйткені, бұл көптеген жылдар бойы ұмытылған біздің мерекеміз болатын.

РКС: Сондай-ақ, Марат Башимов аймақ басшысы Марат Ахметжановпен де кездесті. Онда аудандардағы мәселелер көтерілді.

СНХ: МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Шыны айту керек әкімнің көзқарасы тура халық пен қоғаммен жұмыс істеу мәселесі. Ол кісі алдында да сол принциптармен жұмыс істеген. Тендерді ұтып алғандар нәрселер кейде жұмыс істемей, тендерді алып, содан кейін тастап кетеді. Ол 4 айдың ішінде бәрін сотқа тартып, ақшасын қайтаруда. Менің ойымша бюджетте халықтың ақшасы ғой. Осындай көзқарас жақсы. Бәрі алдамай жұмыс істеу керек деген принциптті ұстанады. Ақмола облысының региондарында проблема көп. Мен өзім таңқалдым. Біз мына көп нәрсеге көңіл бөлмейді екенбіз, ал ол кісі көбіне көңіл бөледі. Қазіргі акиматтың жұмысын жоғары бағалау керек. Оны мойындау керек. Оны айту керек. Қазіргі заманның талабы халықтың алдындағы жауапкершілікті іске асыру керек.

РКС: Жиында көтерілген мәселелерді мәжіліс депутаты үлкен мінбелерден көтеруге сенім білдірді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ