ДИКТОР: Біржан сал ауданына 3 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді. Арнайы машиналар қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Заманауи темір тұлпарларды аудандағы "Қазатомөнеркәсіп" серіктестігі сыйға тартты.

РКС: Науқастың дертіне шипа табуға асығатын дәрігер үшін әр секунд маңызды. Оларға бұл жауапты миссияны жылдам әрі абыроймен атқаруда ең алдымен білімінің, екіншіден зуылдаған техниканың көмегі тиеді. Мұны ескерген "Қазатомөнеркәсіп" серіктестігі шалғайдағы елді-мекен тұрғындарына дереу ем көрсететін көліктерді сыйға тартты.

СНХ: ҚАЙРАТ ТАСТАНБЕКОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Біздің ауданымызға медициналық қызметті көрсетуге үлкен "Қазатомөнеркәсіп" көмегі арқылы 3 автокөлік келіп отыр. Оның екеуі ауданымыздың екі ауылына барады. Біреуі реамобиль осы қалада қалады. Аудан басшысына үлкен алғыс білдіреміз.

ИНТЕРШУМ: Здесь в комплектаций электрокардиограмма. Инголяция. Это хирургический набор, со всеми экстреннами службами. Там стоит монитор. Сенсорный. А внизу дефибриллятор.

-Кадры есть?

-Есть

РКС: 3 темір тұлпардың 2-уі жедел жәрдем көлігі болса, біреуі реанимобиль. Мамандардың айтуынша аудандағы елдімекендердің жедел жәрдем көліктері тозған. Сондықтан заманауи құралдармен жабдықталған жаңа көліктер ауадай қажет. Айта кетейік, Біржан сал ауданында биыл емхана құрылысы бастау алды. Оған бюджеттен 3,2 млрд теңге бөлінді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МИРГҮЛ АЯҒАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ