ДИКТОР: Өрт сөндіру қызметкері үлкен құрметке ие болған мамандықтың бірі. Жалын оттың арасынан адам өмірін аман алып қалып жатқан айбынды арыстарымыз аз емес. Бұл мамандық үлкен қажырлық пен қайраттылықты талап етеді. Әр өткен күн өмір мен өлімнің арасындағы көпір іспетті. Кезекті кейіпкеріміз де құтқарушы болуды бала кезден армандаған.
РКС: Төтенше жағдайлар қызметінде 20 жылдай аянбай еңбек етіп жүрген Александр Варганов Ресей елінде дүниеге келгенімен, балалық шағы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Саумалкөл ауылында өткен. Өскен жерінде мектеп бітіріп, кәсіби техникалық оқуға түскен. Одан соң, Шымкент қаласында әскери борышын өтеп, Көкшетау қаласына арман қуып келеді.
СНХ: АЛЕКСАНДР ВАРГАНОВ, №1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ СТАРШИНАСЫ: Әскери борышымды өтеп, туған жерге оралдым. Сағынышымды басқаннан кейін өрт сөндіру бөлімшесіне қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы хабарлама көріп бағымды сынап бұл қалаға келдім. Бөлім басшылығымен әңгімелесуден кейін, медециналық комиссиядан өтіп 2004 жылы өрт сөндіруші қызметіне жұмысқа тұрдым. Көп ұзамай аға өрт сөндіруші лауазымына ауыстырылдым. Өртке қарсы іс-шараларға қатысып, бастапқыда орман өртін сөндіруге қатысатынмын. Ең алғашқы сөндірген өртім Бурабай тауында болды. Бұл мамандық күтпеген жағдайларға толы. Бір есімде қалған оқиға жас қарауыл басшысы өрт сөндіру аймағына жеткен кезде болды. Ол кислород баллонының үстінде тұрғанын байқап қаламыз. Біз осындай жағдай орын алады деп ойламаған едік. Баллоннан ауа шығып жатыр. Егер ол қазір оның үстінен кетіп қалса жарылатын жайы бар. Сен секіріп кетсең,бәрімізге қауіп төнеді деп айтқан сөзім есімде. Бірақ бәрі жақсы аяқталды. Осындай сәттерде әрине қорқыныш болады.
РКС: 2020 жылдан бастап Александр Варганов азаматтық қорғау старшинасы лауазымына тағайындалды. Өрт сөндіруші қызметкерлердің тыныс алу құрылғыларын қамдап дайындап қоятын болған. Ал бос уақытында ағаш күйдіріп сурет салады екен. Бұл өнер әкесінен дарыған. Қазір ағаштан түрлі мүсін жасаудың хас шебері.
ИНТЕРШУМ: жұмыс барысы
СНХ: ҰЛАН БЕЙСЕМБАЕВ, №1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біздің қызметкер Варганов Александр Сергеевич азаматтық қорғау старшинасы. 2004 жылдан бастап азаматтық қорғау органында қызмет атқарады. 2004 жылдан бастап 2016 жылға дейін өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші және бөлімше командирі лауазымына дейін жұмыс атқарды. Оның жұмыс атқарған кезде көптеген дәрежелері бар. Көптеген адамдардың өмірін құтқарды. Көптеген үйлерді жанудан аман алып қалған дәрежелері бар. Мен өзім осы өрт сөндіру бөліміне 2015 жылы келгенімде менің қарамағымда бөлімше командирі қызметін атқарған. Екеуміз көптеген өртте болдық.
РКС: Кейіпкеріміз бүгінде 1 қыздың әкесі. Өз мамандығына берік, жауапкершілігі мол азамат. Өз таңдауымды жасадым, оған еш өкінбеймін. Жұмысым халқыма септігін тигізсе, мен бақыттымын,-дейді кейіпкеріміз.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ