ДИКТОР: Облыс аумағында бір аптаның ішінде көктайғақтың кесірінен 200-ден астам адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Қазір өңірдегі травмотология бөлімшелері лық толып тұр. Көбі түрлі дене жарақатын алса, кейбірінің аяқ-қолы сынған. Медициналық көмекке жүгінген 130 адамның 80 проценті мұзға тайып жығылыпты. Ал өткен жексенбіде емдеу мекемесіне жеткізілген 80-ге жуық тұрғынның жарақатына да тазаланбаған жолдар себеп. Мертіккен 15 адам ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылса, қалғандары ем-дом шараларынан кейін үйлеріне жіберілген.

РКС: Қар аралас жауын-шашын салдарынан тратуарлар мен аялдамаларға мұз қатқан. Тұрғындарының қала ішінде жүріп қатынауы қиынға соғып тұр. Себебі, адам жүретін жол жып-жылтыр, мұз айдыны іспетті. Аяғы сырғып құлап, медициналық көмекке жүгінген травматология бөлімі емделушілерінің басым көпшілігі егде жастағы адамдар.

СНХ: РЫСҚҰЛ ЖАҚСЫБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Подьезден екі аттадым, бордюрден арман қарай шыққанда құладым. Мұзға. Алдында мұз екенін білдім. Бірақ қар жауып жатқан соң, құлаймын деп ойламадым. Жан екпінмен алға қарай жылжып, аяғым білдім бөлек қалып қойған сияқты. Сондада құлаған жерімде жатпайын деп, бордюрдңғ бержағына шықтым. Келінімді шақырдым. Сол арада скорый шақырдық. Бәрін тексерістен өткізді ұршықтың мойны сынған.

СНХ: ЭМИЛИЯ ЧЕРНЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз жеке тұрғын үй секторында тұрамыз. Ешқандай баспалдақ жоқ. Далаға шығып жүріп қайтайын деп едім. Бір уақытта кенеттен бұрылғаным сол еді құлап жығылдым. Соққы қатты тиді себебі құлаған жерімде қатқан мұз болған. Осының бәрі көзді ашып жұмғанша бір мезетте болды, өзімде түсінбей қалдым. Енді міне операция жасайды. Өйткені сынған сүйекке қатты зақымданған. Мен ауруханаға тұскен күні қол-аяғын сындырған адамдар көп келді.

РКС: Дәрігерлердің айтуынша, аяқ-қол сынығы, көкірек және бас жарақаттарымен түскен. 1 ауысымда 2-3 дәрігер бір уақытта жұмыс істеген. Өйткені түрлі жарақатпен түскен адамдарға жәрдемдесуге 1 маман аздық еткен. Бүгінде травматология бөлімшесінде 6 дәрігер қызмет көрсетеді.

СНХ:ӘБДІРАШИТ НИЯЗОВ, ТРАВМАТОЛОГ: Осы екі-үш күннің ішінде оннан астам кісі ауруханаға өте ауыр жағдайда жатқызылды. Әртүрлі сынған. Сан сүйектері сынған, ет сүйегі, шынтақ сүйектері. Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл кісілердің жағдайы орташа, ауыр. Менің айтарым осы көктайғақ кезінде Ақмола облысының тұрғындарына прафилактика дейміз ғой. Асықпай жүру, құм шашылған жолдармен жүру. ДТП-мен келіп жатқандар да бар. Автомобильдік жарақат алып көктайғақтың әсерінен қаралған кісілер де болды.

РКС: Сондай-ақ, өңірде 20-ға жуық жол көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіне шығып кеткен жағдайлар да көп. Осындай жол-көлік оқиғасына ұшырап, жарақат алып дәрігердің қарауында жатқан көлік жүргізушілері де аз емес.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ