ДИКТОР: Бұланды ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Ардақ Смайылов халықпен кездесіп, қордаланған мәселелердің жолын бірге іздестіруді жолға қоймақшы. Аудан аумағында 11 ауылдық округ пен Макинск қаласы бар. Бірнеше округтің тұрғындары аудан әкіміне жеке сұрақтарын қою үшін арнайы келген. Кездесудің қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
РКС: Бұланды ауданы әкімінің алғашқы жұмыс сапары Алтынды, Никольский және Қараөзек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуден басталды. Онда қызылшаға қарсы екпе мен алаяқтықтың алдын алуға қатысты мәселелер көтерілді. Қаңғыбас иттер, жол жөндеу, мал жаюға арналған жайылымдық жер мәселесі де күн тәртібіндегі өзекті сұрақтар болды.
СНХ: БАЛҚИЯ ИБРАГИМОВА, ҚАРАӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл халқы аудан әкімімен ауылдың өзекті мәселелерін бәрін қозғап, түгелдей арыз-шағымдарымызды айттық. Аудан әкімі басшылық тарапынан уәде берілді. Алдағы уақытта шешім таппай жатқан істерді қарастыруға, қолдан келгенше көмектерін беруге шешім шығарды. Осылай халықпен аудан басшыларының, облыс басшылардың арасында алтын көпір орындаса жақсы болар еді.
РКС: Халықпен кездесу Новобрацкий, Амангелді, Қарамышев, Ергол ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Партизанка ауылының тұрғындары спорт алаңының құрылысына алаңдаушылық білдірді. Мердігер шарттық міндеттемелерді орындамай отыр. Амангелді ауылдық округінің әкімшілігі бұл мәселені сот арқылы шешпек. Бұланды ауданының әкімі осы мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.
СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жобаға бәріміз де күмәнмен қарап отырмыз. Жобаны мұндай деңгейге дейін қалай құлдыратурға болады? Бұл жұмыс қалай сапалы жасалмақ? Қабылдадыныз ба? Елге ұнап отыр ма?/
РКС: Партизанка ауылындағы тағы бір өзекті мәселе – су құбырының тартылуы. Жобалық сметалық құжаттама дайын, бюджеттік өтінім берілген. Келесі жылы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толыққанды шешіледі деп күтілуде.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АЙНҰР ҚАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ