ДИКТОР: Степногорск қаласында тұрғын үй құрылысы дамып келеді. Халықты қолжетімді бағадағы баспанамен қамту мақсатында 45 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 1 миллиард 730 миллион теңге бөлінді. Оған қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жауапты.

РКС: Биыл Степногорск қаласында "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында несиелік үш 5 қабатты тұрғын үй бой көтеріп жатыр. Оны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Былтыр 100 отбасы қоныс тойын тойлады. Қазір Степногорск қаласында баспана кезегінде 2 мыңнан астам адам тұр. Келер жылы тағы көпқабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

СНХ: АСХАТ ИГБЕРДЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Құрылыстың аумағы 2,5 шаршы метрге жуық. Құрылыс жұмыстарына отандық өндірістің материалдары пайдаланылуда. Кірпіш, цемент, арматура, бетонның бәрі өз өнімдеріміз. Құрылысқа жауапты мердігер компанияда жұмысшылар жеткілікті. 45-ке жуық жұмысшысы, 70-ке жуық техникасы бар.