ДИКТОР: Қосшы қаласы – облыстың қарқынды дамып келе жатқан өңірінің бірі. Халық саны жыл сайын артып келеді. Сол себепті шаһардағы мектептер аздық етіп отыр. Өйткені, оқушы саны өсуде. Осы уақытқа дейін мектептер үш ауысымда жұмыс істеп келген. Бүгінде бұл мәселе мемлекет пен жеке инвесторлардың көмегімен шешілді. Қосшы қаласында бүгінде 7 мектеп бар. 10 мыңнан астам оқушы бар. Биыл 1500 және 1200 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша үш ауысымды оқыту мәселесі толығымен шешілді.
СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда 1200 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде, оны келер жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, келер жылы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Қосшы қаласында 1500 және 2000 орындық, Тайтөбе ауылында 1200 орындық білім ошақтарының құрылысы басталады.