ДИКТОР: 20-шы қарашада этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Бейбітшілік және келісім жолымен» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының халық экспедициясы басталды. Экспедиция мүшелері жобаны Қостанай-Көкшетау-Петропавл бағыты бойынша бастады. Халық экспедициясының құрамы Көкшетауда дөңгелек үстел басында кездесу ұйымдастырып, жобаның ұтымды тұстарын баяндады.

РКС: Экспедиция Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандықтардың саяси-құқықтық мәдениетін дамыту бағытын қамтыған. Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау. Әсіресе, өскелең ұрпақ тәрбиесі басты назарда. Жиынға республикалық этномәдени бірлестіктің өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, Ассамблея мүшелері мен медиаторлар ат салысты.

СНХ:. ӘСКЕР ПИРИЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Баланы тәрбиелеу емес, балаға үлгі болып жүру. Неге десеңіз бала өскен кезде әке-шешесінің үйінде тұрса, солардан қайталайды. Бұл жердегі тренингтік жобалар ересектерге ғана емес, жасөспірімдерге, солардың ішінде студенттерге, еңбек жасайтын коллективтерге, сондықтан бөліп-жармай, қолдан келгенше, уақытымыз жеткенше тырысып жатырмыз. Ең басты мақсат бұл қоғаммен кездесу, оларға экспедицияның үгіт насихаттарын жеткізу. Жалпы еліміздің идеологияларын, басты ұстанымдарын жеткізу, дәріптеу.

РКС: Жиналған жас буын өкілдері экспедиция мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Сондай-ақ, медиаторлар түрлі тренингтер өткізіп, келіспеушіліктерді даусыз шешудің жолдарын түсіндірді.

СНХ: ГҮЛДЖАХАН ӘЛЕКЕЕВА, ҰЙҒЫР АУДАНЫ БОЙЫНША АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ): Мына біздің заман ақпараттық технологиялар заманы. Ақпарат заманында сол әлеуметтік желілердегі болып жатқан неше түрлі фейт информациялар көп қой, сондайларға жастар көп қызығушылық танытып жатыр. Олармен арнайы мамандар, арнайы журналистер өткізіп жатыр. Одан бөлек аудиторияда жұмыс жасап жатыр.

РКС: Айта кету керек, жиын барысында «Мектеп медиациясы» жобасының өрісін кеңейту және жоғары оқу орындарында Қазақстан Халқы Ассамблеясының кафедраларын құру туралы айтылды. Сондай-ақ, Астана қаласы түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев Ақмола Ассамблеясына «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кітаптарды сыйға тарту етті.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ