ДИКТОР: Бурабай ауданына қарасты Мәдениет ауылы, Есмағанбет Ысмайылов атындағы мектептің аймақтық білім ошағы болып ашылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Мерейтойға орай "Ғасырлық тарихы бар қара шаңырақ..." атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Оған білім ошағын әр жылдары басқарған мектеп директорлары, ұлағатты ұстаздар, мектеп түлектері мен қонақтар көптеп шақырылды. Еркін күрестен арнайы турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
РКС: Бурабай баурайындағы Мәдениет жерінде алғаш мектеп салған - Баймұрат Жақашев. Қотыркөлде бай қазақтың екіқабатты еңселі үйін сатып алып, алғаш мектеп салғызды. Осылайша білім ошағының алғашқы іргетасы 1923-ші жылы қаланды. Ол кезде мектепте 100-ге жуық оқушы болған, соның бірі филология ғылымының докторы, профессор, академик, сыншы ғалым Есмағанбет Ысмайылов. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін мектеп барынша жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдары мектеп мұғалімдерінің көпшілігі қолына қару алып майданға аттанды. сол жылдардағы қиын жағдайға қарамастан білім беру саласының жұмысы тоқтаған жоқ. Балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Ал 1980 жылы Мәдениетте 320 орынға арналған жаңа мектеп салынды.
СНХ: ДИНА ҚАЛИЕВА, Е.ЫСМАЙЫЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Тойды өткізудегі мақсатымыз өскелең жас ұрпаққа мектептің тарихын, ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында өткізіп отырмыз. Бурабай ауданы әкімінің атынан мектебімізге робототехника кабинетін сыйға тартты. Өте қуаныштымыз. Скл. алдағы мақсат сапалы білім беру, үлгілі, өнегелі балаларды тәрбиелеу. мектеп облыстағы барлық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
РКС: Білім ошағында мұражай, жаңа үлгідегі физика кабинеті, "Әкелер", "Әжелер", дебат клубтары, "Асыл әжелер" тобы, түрлі үйірмелер, спортзал, асхана, этно-ауыл, кітапхана жұмыс істеп тұр.
СНХ: ҮМІТЖАН ЕГУБАЕВА, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Аталарымыз бен апаларымыз терең білім бермесе, біздің Мәдениет ауылынан биіктің биігіне, шыңның шыңына шыққан біздің ондаған ғылым докторлары, генерал полковниктар, қарапайым еңбек ардагерлері шықпас еді. Мектепте терең білім, тәрбие берілгендіктен ұлы ұлы тұлғалар шыққан.0Сонау 60-70 жылдардан бастап мықты еңбек ұжымы қалыптасты. Осы салада 7 алтын медаль, 10-нан аса үздік аттестат, екі мұғалім білім саласындағы үлкен атақтардың бірі "ҚР білім үздігі" төсбелгісін алған.
РКС: Салтанатты кеште білім ошағын әр жылдары басқарған мектеп директорлары, ұстаздар, түлектер, келген қонақтар құттықтау сөз сөйледі. "Мектебім - алтын ұям", "Мектеп - рухани өркениеттің ошағы" тақырыптарында баяндамалар жасалып, еркін күрестен турнир ұйымдастырылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КӨКШЕ АҚПАРАТ