ДИКТОР: Ақмола өңірі өткен апта бойы жағымды жаңалықтарға толы болды. 20 миллионыншы қазақстандық дәл біздің облыста іңгәләп дүние есігін ашты. Халықаралық аренада аймақтың атын аспанға шығарып жүрген спортшыларға құрмет көрсетілді. Ал аптаның сенбісінде облыс орталығында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтті. Оған облыстан 8 аудан мен Көкшетау қаласын қоса есептегенде 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысты. Бұл шараға «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да үлес қосты.
РКС: Сенбінің таңы «Тәуелсіздік» алаңы абыр-сабыр күй кешті. Ұзын-сонар кезек. Бәрі отбасының қамымен үйіне азық-түлік алуға асыққан тұрғындар. Сапалы өнім қашан да денсаулыққа пайдалы, дәруменге толы. Әсіресе, үй жағдайында дайындалған сүт өнімдері, ірімшік, құрт, май ферменттерге бай. Баланың денсаулығына пайдалы. Бала демекші, осы аптада Ақмола облысында 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келіп, жер-жаһанға жар салдық. Сапалы азық-түлік әр тұрғынның денсаулығына ең қажет өнім. Сондықтан, таңмен таласа қала тұрғындары сапалы, әрі табиғи тауарды қолжетімді бағамен алуға асықты. Жәрмеңкеде сиыр, жылқы, қой мен құс еті, сүт пен ашыған сүт өнімдері, көкөністер және өзге де қажетті азық-түлік өнімдері ұсынылды.
СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жәрмеңкеге Аққөл, Астрахан, Бұланды, Біржан сал, Бурабай және Сандықтау, Зеренді аудандары белсенді қатысып жатыр. Жәрмеңкеге 82 миллион теңгенің 81 тонна өнімі әкелінді. Азық-түліктің 40-тан астам түрі ұсынылып отыр. Сонымен қатар, 10 тоннаға жуық сүт өнімдері сатылымда. Еліміз бойынша соңғы жағымды жаңалыққа біз де қуанып жатырмыз. Өйткені, дәл Ақмола облысында 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді.
РКС: Жәрмеңкеде жылқы етінің келісі 2500, сиыр және қой еті 2300 теңгеден саудаланды. Құс еті1200-ден, ал сүт өнімдерінің литрі 300 теңгеден сатылды.
СНХ: ҚАНАТ ЕГІМБАЕВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Астарахан районынан келдік. Арнайы өзіміздің арнайы қойлары. Арзан бағаға сатып жатырмыз. Халықтың көңілінен-шығып жатыр деп ойлаймын. Біздің Астрахан ауданына қарасты Новочеркасск ауылында сиыр сүтінен өнімдер шығарылады. Оны да арзан бағаға халыққа тиімді сатып жатырмыз. Халық көп келіп жатыр. Бәрі біздің ауылдың өнімдері. Естіп жатырмыз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 20 миллионыншы туған сәбилерді құттықтап, сүйінші хабар айтып жатыр. Әрине, халқымыздың санының көбейгені жақсы ғой. Бұл қуанышқа бәріміз ел болып, ауыл тұрғындары болып бәріміз қуанып жатырмыз. Қуаныштымыз өте!
РКС: Жәрмеңкеде саудамен бірге, көркемөнерпаздардың өнер бәйгесі де қыза түскен. Әсем ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би. Мұның бәрі ең алдымен халық үшін жасалып отыр. Сөмкесін толтырып азығын алған жұрт, тегін концертті де тамашалай алады. Бір сөзбен айтқанда әр тұтынушы үйіне көтеріңкі көңіл-күймен қайтады.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Керек затымызды ақырын келіп аламыз. Машинаға дейін апарып беруге міне жігіттер бәрі тегін көмектесіп, апарып беріп жатыр. Соның бәрі біздерге үлкен кісілерге, пенсионерлерге қолайлы.
- Ярмарка әдемі өтіп жатыр. Күллі тамағамдар бар. Кісілер көп. +скл+Ярмарка өтіп жатқан жер қолалайлы.
- Биылғы жылы 20 миллион халық болдық. Ол да бір той! +скл+Мына халық барлығы риза болып отыр осындай ярмаркаға.
РКС: Айта кетейік, жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағамен салыстырғанда 10-15 процентке арзан сатылды. Ең бастысы қала тұрғындарына табиғи өнімді сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімін сатуға үлкен мүмкіндік берілді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ