ДИКТОР: Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінбеуі және отбасындағы мәселені бірлесіп шешуге талпынбаудың салдарынан шаңырақ шайқалып, оның соң ажырасуға әкеліп соқтырады. Некені бұзғанға дейін шиеленісті шешу кезінде ерлі-зайыптыларға және олардың балаларына психологиялық және құқықтық қолдау тегін көрсетіледі. Әлеуметтік бюроның құрамына заңгерлер, медиаторлар, психологтармен қатар денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдері кіреді. Сондай-ақ «Шанс» қоры аналар мен балаларға материалдық және психологиялық көмек көрсетеді.

РКС : Қазақстанда «Медиация туралы» заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Медиаторлар үшінші тарап ретінде некеде тұрған екі жақтың арасындағы түсініспеушілік пен келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі. Бірақ біріншіден, сотқа емес, тікелей мамандарға, медиаторларға жүгіну керек.

СНХ: ГҮЛНӘР МӘДИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ОТБАСЫ СОТЫНЫҢ КӘСІБИ МЕДИАТОРЫ: Адамдар ажырасқан кездегі мәселелерді шешуде медиаторлардың орны ерекше екенін атап өткім келеді. Неліктен? Өйткені біз үшінші тарапты тыңдайды. Екі жақтың арасында келіссөздер жүріп жатқанда, олар үшінші тараптығ пікіріне де құлақ асады. Кейде екі тарап бірін-бірі естімеген кезде бізге келеді. Қос тарап қандай талаптар қойғысы келеді соны атап өтеді. Сол кезде ғана бір-бірімен қайта сөйлесе бастайды. Осы жағдайлардың көпшілігінде біз отбасыларға мәселені даусыз шешуге көмектесеміз.

РКС: Қыркүйек пен қараша аралығында 900-ге дейін іс қаралды. Оның тең жартысы медиацияны қолдана отырып, оң шешілді. Отбасылық сот бірінші кезекте балалардың отбасында алаңсыз тәрбиеленуіне мүдделі. Сондықтан да жан-жақты көмек көрсетіледі.

СНХ: ЮЛИЯ ЯКУШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР КОЛЛЕГИЯСЫНЫҢ АДВОКАТЫ: Ақмола облысының адвокаттары қала мен облыстың азаматтарына тұрақты негізде кепілді заң көмегін көрсетуде. Түрлі іс-шаралар да үнемі өткізіліп тұрады. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша көмектер көрсетіледі. Кез-келген уақытта азаматтар біздің көмегімізге жүгіне алады.

РКС: 1 қыркүйектен бастап, ювеналды соттың жанынан отбасылық сот ашылды. Онда мамандар некені бұзу, алимент өндіру, отбасымен кездесуге қатысты кестені жан-жақты қарастырады. Бұл мәселенің бәрін медиаторлар істі сотқа жеткізбей шешуге тырысады. Айта кетейік, тұрғындар кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегінің электронды порталы не болмаса «Заң-көмегі» бағдарламасы арқылы кеңес алу үшін адвокаттардың көмегіне жүгіне алады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ