ДИКТОР: Красный ярдағы №2 орта мектебінде «Қазақшаңыз қалай?» атты дөңгелек үстел басындағы кездесу ұйымдастырылды. Танымдық іс-шараға мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жоғары оқу орындарында білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
РКС: Дөңгелек үстел «Тіл-ұлт татулығы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұйымдастырылды. Онда мемлекеттік тілдің маңызы мен құндылығы дәріптелді. Содан кейін Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.
ИНТЕРШУМ: сұрақ-жауап
СНХ: АЛЕКСАНДР ЛОШКАРЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ІІ КУРС СТУДЕНТІ: Мен қазақ тілін университетте оқи бастадым. Қазіргі таңда мен Ассамблеяға барамын және «Аманат» партиясындағы қазақ тіліне арналған клуб бар. Менің ойымша Қазақстанда қазақ тілін білу керек. Себебі, менің болашақ мамандығым дәрігер. Науқастармен 2 тілде сөйлесу керек.
РКС: Ерекше қонақтардың бірі ағылшын пәнінің мұғалімі Нилуфар Амирасланова. Ұлты-әзірбайжан. Алты тілде еркін сөйлейді. Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы «Шарапат» медалімен марапаттады.
СНХ: НИЛУФАР АМИРАСЛАНОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Бүгінгі менің мақсатым қазақ тілін насихаттау. Және мектептің оқушыларына үлгі болу. Қазақ тілі мен үшін ерекше тіл. Біз Қазақстанда тұрамыз және қазақ тілін білу біздің парызымыз. Егер біз ана тілімізде сөйлей алмасақ, шет тілдерді білудің маңызы жоқ меніңше.
РКС: Білім ошағында 600-ге жуық оқушы білім алуда. Өзге ұлттың 15 өкілі қазақ тілінде білім алып жатыр. Олардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Көптеген жарыстардың жеңімпаздары атанған түлектер де аз емес.
СНХ: ДЕМЕНТИЙ СУПРУН, КРАСНЫЙ ЯР №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 6 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Мен қазақ тілін жақсы көремін. Менің анам қазақша сөйлейді. Мен қазақша оқимын. Менің достарым қазақша сөйлейді, олар менің мұғалімдерім сияқты.Менің қазақ достарым көп. Менің Отаным-Қазақстан, менің ана тілім-қазақ тілі.
РКС: Іс-шара соңында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар қонақтарды ұлтық ойындардың бірі асық және тоғызқұмалақ ойынының ережесімен таныстырып, шағын сайыста бірге бақтарын сынады.
ИНТЕРШУМ: ойыннан шағын үзінді
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ