ДИКТОР: Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетінде қазақ-корей өңірлік инновациялық орталығы ашылды. Аталмыш алаң инновациялық жобаларды, академиялық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тәжірибе алмасуда негізгі қозғаушы күш болмақ.

ИНТЕРШУМ: салтанатты ашылу рәсімінен көрініс

РКС: Бұл өңірлік инновациялық орталық – кореялық Вусонг жоғары оқу орны мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасындағы алғашқы ірі жоба. Ол облыстағы білім, ғылым және технологиялық индустрияның қалыптасуына ықпал етеді.

СНХ: Ю ТЕК ЛИ, ENDICOTT ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДЕКАНЫ: Біздің әріптестік тек әкімшілік деңгейде ғана емес, академиялық қарым-қатынас жағынан да айтарлықтай пайдасын тигізеді деген ойдамын. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, бұл әріптестік елдердің индустриялық дамуына ықпал етумен қатар, студенттердің біліктілігін арттыруға септеседі. Жалпы, екі ел үшін де пайдалы болмақ.

РКС: Қазақстан-Корей инновациялық орталығының бағдарламасына қатысатын студенттер оқуын тәмамдаған кезде екі бірдей маңызды диплом алу құқығына ие болады. Яғни, бір диплом Шоқан Уәлиханов университетінен, екіншісі Вусонг жоғары оқу орнынан беріледі. Сондай-ақ, орталықта IT бағыт, менеджмент және корей тілі курстары да өткізілмек.

СНХ: ЖАНСЕРІК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, ӨҢІРЛІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жастардың жаңа стартаптар құруға, креативті бастамаларға деген қызығушылығын арттырамыз. Өңірдегі өнеркәсіптік интеграцияға, жаңа білім беру бағдарламаларының іске қосылуына, әсіресе, қос дипломды білім беру бағдарламасына назар аударамыз. Бұл жұмыстарымыздың нәтижесі ретінде IT бағыт пен жаңа технологиялар бойынша стартаптар пайда болуы тиіс.

РКС: Инновациялық орталықта студенттер ғана емес, жас кәсіпкерлер де білім ала алады. Мұндай жан-жақтылық екі елдің экожүйесін дамытып, әлеуметтік және экоономикалық мәселерді шешуге бағытталған.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ